Облыс Әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі "Облыстың мемлекеттік кәсіпорындарының және мекемелерінің балансында тұрған объектілерді (Алматы облысы Әкімдігінің коммуналдық меншігі) кейіннен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) беру Ережелерін бекіту туралы" N 21 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Алматы облысы Әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы N 36 қаулысы. Алматы облыстық әділет басқармасында 2006 жылғы 21 наурызда N 1959 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымын бекіту туралы" N 1022 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындарының және мекемелерінің балансында тұрған объектілерді (Алматы облысы әкімдігінің коммуналдық меншігі) кейіннен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) беру Ережелерін бекіту туралы, "Огни Алатау" газетінде 2003 жылы 22 мамырда жарияланған және 2003 жылғы 7 мамырда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1128 нөмірімен тіркелген N 21 қаулысына төмендегі өзгертулер енгізілсін:
       Қаулының 2 тармағындағы "Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті" деген сөзтіркесі "Алматы облыстық қаржы басқармасы" деген сөзтіркесімен алмастырылсын.
       Барлық мәтін бойынша облыстық мемлекеттік кәсіпорындарының және мекемелерінің балансында тұрған объектілерді (Алматы облысы әкімдігінің коммуналдық меншігі) кейіннен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) беру Ережесіндегі "Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті" деген сөзтіркесі "Алматы облыстық қаржы басқармасы және аудандық (қалалық) қаржы бөлімдері" деген сөзтіркесімен алмастырылсын.
       2. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген сәттен бастап қолданысқа енеді.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Алматы облысының
      Әкімінің міндетін атқарушы                 В. Долженков