Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 233 шешімі. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірінде N 3-1-47 тіркелді

Қолданыстағы

      Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 622 "Жекелеген санаттағы азаматтарға жол ақысы жеңілдігін ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес және азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының және 13  баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының және баптарының негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап, қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.

      2. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2002 жылғы 28 наурыздағы N 137 "Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы