Жоғары, арнайы-орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүруін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 232 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірде N 3-1-46 тіркелді

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының  4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, қала әкімдігінің 2006 жылдың 7 сәуірдегі № 594 "2006 жылға жоғары, арнайы-орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүруін бекіту туралы" қаулысын қарап, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. 2006 жылдың 1 сәуірінен жоғары, арнайы-орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін қоғамдық көлікте жеңілдіктермен жүруі бекітілсін.

     Сессия төрағасы                          Б. Түйтебаев

      Мәслихат хатшысы                         Х. Сарқұлова