Байғанин ауданының орталығы Байғанин ауылын қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 416 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 324 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 25 желтоқсанда N 3194 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "Қарауылкелді селосы" сөздері "ауылын", "Қарауылкелді ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Байғанин ауданының орталығы Байғанин ауылын Қарауылкелді ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі
      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы