Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247, 2004 жылғы 20.12. редакциясы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне, ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына (бұдан әрі-қатысушы) орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтау, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электрмен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құны бойынша жеңілдіктерді (бұдан әрі - жеңілдіктер) беру белгіленсін.
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 ақпандағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау, арнаға (канализация), қоқыс шығару және лифттік қызмет көрсету), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" N 131, 2005 жылғы 12 қазандағы "Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 ақпандағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 191, 2006 жылғы 14 наурыздағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 232 және 2006 жылғы 21 маусымдағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 261 шешімдері 2007 жылғы 1 қаңтардан жойылсын.
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2006 жылғы 12 желтоқсандағы
N 317 шешіміне ҚОСЫМША
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне, ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына жеңілдіктер беру
ҚАҒИДАСЫ
1. Орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтау, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электрмен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құны бойынша жеңілдіктерді пайдалану құқығы (бұдан әрі - жеңілдіктер) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет Армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдары қызметкерлеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне, ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына (бұдан әрі - қатысушы) ұсынылады.
2. Жеңілдіктерді беруге қаражаттар жергілікті бюджеттен қарастырылады.
3. Қатысушыға тұрғын үй иесі немесе негізгі пәтер иеленуші болуына қарамастан, жеңілдіктер орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электрмен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құнына (бұдан әрі - жеңілдіктер), 100% шегеріммен ұсынылады.
Жеңілдіктер қатысушы пайдаланған уақытқа дейін қатысушымен бірге тұратын және тіркелімдегі отбасы мүшелеріне де ұсынылады.
Қатысушының отбасы мүшелерін анықтау кезінде Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321 "Неке және отбасы туралы"
Заңы
басшылыққа алынсын.
Коммуналдық қызметті тұтынуын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда жеңілдіктер бекітілген тарифтерге сәйкес ұсынылады.
4. Қатысушылардың тізімін жасау және бекіту жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі.
Бекітілген қатысушылар тізімі және қатысушылар тізіміне жыл бойы енгізілген өзгерістер қызмет көрсетушілерге және Ақтөбе қаласы мен аудандардың қаржы бөлімдеріне Ақтөбе қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен беріледі.
5. Жеңілдік алу үшін қатысушы аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне коммуналдық қызмет төлемдерін қызмет көрсетушілерге немесе өзінің дербес шотына аудару туралы өтініш жасауы тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды: жеке куәлігін, қатысушы куәлігін, үй кітабын немесе тұрғылықты жерінен анықтама, қызмет көрсетушілердің төлем шоттарын, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде үүйдің немесе пәтердің техникалық төлқұжатын тапсыруға тиіс.
Қатысушыға жеңілдіктер өтініш берген және сәйкес құжаттарын тапсырған уақыттан бастап ұсынылады.
6. Қатысушыға орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтау, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құнына жеңілдіктер ұсыну бойынша қызмет көрсетушілердің шығындарын өтеу 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет көрсетушілердің ай сайын беретін жеңілдіктер алатын қатысушылардың тізімдері негізінде Ақтөбе қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі.