Мәртөк ауданындағы Нагорный селолық округін - Тәңірберген ауылдық округі, Нагорный селосын - Саржансай ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 238 шешімі және Ақтөбе облысы әкiмиятының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 85 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 сәуіріде N 3176 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Мәртөк аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Мәртөк ауданындағы Нагорный селолық округін - Тәңірберген ауылдық округі, Нагорный селосын - Саржансай ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.

      Сессия төрағасы,                         Облыс әкімі
      облыстық мәслихаттың хатшысы