Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N ЗС-24-20 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 3209 тіркелді.

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 шілдедегі N С-30-4 шешімі мен Щучье ауданы әкімдігінің 206 жылғы 6 шілдедегі N 20 қаулысы негізінде, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 19 қазандағы шешімінің 4 тармағына байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Сарыбұлақ өзенінің жиегінде орналасқан 50 адамнан аса тұрғыны бар қоныс дербес елді мекен категориясына жатқызылсын және Бурабай поселкесі әкімшілігінің бағынышына енгізіп, оған дербес әкімшілік бірлік - ауыл мәртебесі берілсін.
      2) Қайта құрылған елді мекенге "Сарыбұлақ ауылы" атауы берілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
      Ақмола облысының әкімі