Ақмола облысының Целиноград, Зеренді, Астрахан аудандары бойынша кейбір елді мекендерінің атауларын қайта атау туралы

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N ЗС-22-14 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 10 қарашада N 3200 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11 бабына  сәйкес, Целиноград, Зеренді, Астрахан аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және Ақмола облысының әкімдігі жанындағы тіл саясаты мен ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 27 шілдедегі шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      1) Целиноград ауданы бойынша:
      Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің Павлоградка селосы Сарыкөл ауылына;
      Қараөткел селолық округінің Ильинка селосы Қараөткел ауылына.
      2) Зеренді ауданы бойынша:
      Чаглинка селолық округінің Водопьяновка селосы Ақадыр ауылына;
      Подлесный селолық округінің Подлесное селосы және Подлесный селолық округі сәйкес Бәйтерек ауылына және Бәйтерек селолық округіне.
      3) Астрахан ауданы бойынша:
      Острогорское селолық округінің Вишневка селосы Қаракөл ауылына.
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

       Ақмола облыстық мәслихаты           Ақмола облысының әкімі
      сессиясының төрағасы