Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылғысына Қорғалжын және Жақсы аудандары бойынша өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N ЗС-22-15 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 қарашада N 3197 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының  3, 8, 11 баптарына сәйкес, Қорғалжын және Жақсы аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Қорғалжын ауданы бойынша:
      Өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын: Амангелді селолық округінің Бірлік селосы; Арықты селолық округінің Қорқылдақ селосы; Қарашалғы селолық округінің Тыңғылықты селосы; Қызылсай селолық округінің Қасқатау селосы;
      Бірлік қонысын Қорғалжын селолық округінің Қорғалжын селосы құрамына қосып, Амангелді және Қорғалжын селолық округтерінің шекаралары Бірлік қонысының шекараларында өзгертілсін;
      Арықты селолық округінің Қорқылдақ қонысы Арықты селолық округі Сулыкөл ауылының құрамына, Қарашалғы селолық округінің Тыңғылықты қонысы Қарашалғы селолық округі Жантеке ауылының құрамына, Қызылсай селолық округінің Қасқатау қонысы Қызылсай селолық округі Шалқар ауылының құрамына енгізілсін.
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын:
      Ишимское селолық округінің Баубек батыр атындағы село; Калинин селолық округінің Глебовка селосы;
      Ишимское селолық округінің Баубек батыр қонысы Ишимское селолық округінің Ишимское селосының құрамына,  Калининское селолық округінің Глебовка қонысы Калининское селолық округінің Калининское селосының құрамына енгізілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін  күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

       Ақмола облыстық мәслихаты   Ақмола облысының әкімі
      сессиясының төрағасы