Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Егіндікөл, Жарқайың аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Егіндікөл ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Егіндікөл селолық округінің Степняк селосы қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
2) Жарқайың ауданы бойынша:
Западное селолық округінің Западное селосы Пригродное селолық округінің құрамына енгізілсін;
Западное селолық округінің Озерное селосы қысқартылып, Пригродное селолық округінің құрамына енгізілсін.