Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес, Бұланды, Целиноград, Сандықтау аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыс әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2005 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне байланысты облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының келесі елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Бұланды ауданы бойынша:
Даниловка селолық округінің Даниловка селосы Алтынды ауылына;
Даниловка селолық округінің Богдановка селосы Алакөл ауылына.
2) Целиноград ауданы бойынша:
Романовка селосы және Романовка селолық округіне сәйкес Рахымжан Қошқарбаев ауылына және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округіне.
3) Сандықтау ауданы бойынша:
Васильевка селолық округінің Острогорка селосы Ұлан ауылына.
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы