Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N А-1/32 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 1 ақпанда N 3178 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  заңына  сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1.   Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы"» қаулысына  (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте N№1992 бойынша тіркеуден өткен) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне және мемлекеттік кәсіпорындарына бекітілген мүліктерді есептен шығару нұсқаулығында:

      1-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;

      5-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару жүзеге асырылады:
      баланстық құны 1000 еселік ең төмен есепті көрсеткіштен артылғанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Ақмола облысының қаржы департаментінің жазбаша рұқсат беруінен кейін (бұдан әрі қарай - Департамент);
      100 пайыздық тозуында немесе баланстық құны 1000 еселік ең  төмен есепті көрсеткіштен артылмағанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің жазбаша рұқсат беруінен кейін";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Атқарушы орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Департаменттің келісімімен жүзеге асырылады";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "8. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығару мемлекеттік басқару органының және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің келісімі бойынша орындалады";

      11-тармақта "Басқарма" сөзі "Департамент/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.қ.Нұрғалиевке жүктелсін.

       Облыс әкімінің м.а.