Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 23-10-482қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 441 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ", " Халықты жұмыспен қамту туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.

      Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры