Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4201 тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп екі данада қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік және орыс тілінде) және Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдауышта (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтінішпен бірге ұсынылады.";
1-қосымшада:
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есепте:
10-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің басталу және аяқталу күні_________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________";
2) тармақша "бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________________________";
11-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған, әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік иелері туралы мәліметтер:";
кестенің екінші бағанындағы "және нақты орналасқан жерін көрсете отырып" деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған, орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің және есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы кастодиан анықтамасының көшірмесімен бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушысына жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға