1. "Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056
бұйрығына
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3335 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2005 ж. N 3-8, 23-құжат, "Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында МАБ-ты өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы
29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi мiндетiн атқарушының 2006 жылғы 7 ақпандағы
N 61
бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен бiрге, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4088 тiркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-1023) "Заң газетiнде" жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды өткiзу ережесiнде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. 9-сыныптарда МАБ-ты тапсыру үшiн орыс тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - қазақ тiлi, қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - орыс тiлi мiндеттi болып табылады.
МАБ өткiзiлетiн басқа да оқу пәндерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ мектептердiң, МАБ рәсiмнен өткiзiлетiн оқушылардың тiзiмдерiн жыл сайын министрлiк белгiлейдi.";
32-тармақтың:
екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Eгep медициналық мамандықтар бойынша шектi деңгей жалпы тест тапсырмаларының 50 % дұрыс жауаптарына, барлық қалған даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша 35 %-ға тең болса тестiлеудiң нәтижесi бойынша студент сынақ бағасын алады";
үшiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Анықтаманың көшiрмесi МАБ аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде Министрлiкке ұсынылады";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. МАБ-тың негiзгi рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша 7 % оқушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шектi деңгейден өте алмаған бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.".
2. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4229 тiркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы N 94-95 (1074-1075) "Заң газетiнде" жарияланған "2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аралық бақылауды өткiзу үшiн шектi деңгейдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2006 жылғы 27 сәуiрдегi N 214 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.