"Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 284 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4467 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3088 нөмірмен тіркелген және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", 2005 ж., N 1, 3-құжат; "Официальная газета" газетінің 2004 жылғы 6 қарашадағы 45 (201) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І  бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесінде:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "жүк жөнелтушілердің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр