"Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы N 171 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4466 болып енгізілді. 

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 234-ө  өкімін  орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесін бекіту туралы" (N№3185 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімінінде тіркелген), Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 143  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбындағы "жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын" деген сөздер "жарғылық капиталға қатысу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бұйрықтың 1-тармағындағы "жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын" деген сөздер "жарғылық капиталға қатысу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (С.А.Сағындықов) және Заң басқармасы (Д.А.Ешімова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің   
2006 жылғы 13 қарашадағы 
N 171 бұйрығына     
қосымша          

Қазақстан Республикасының    
Экономика және бюджеттік жоспарлау
      министрінің міндетін атқарушының 
2004 жылғы 30 қыркүйектегі   
N 143 бұйрығымен бекітілген   

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесі

1. Жалпы бөлімі

      1. Осы Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оны қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ҚЭН) әзірлеудің және қараудың, мазмұнын, тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кезінде мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. ҚЭН-ді қарауды экономикалық сараптама жүргізу және қорытындысын дайындау жолымен экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН әзірлеу

      4. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інің әзірленуін ұйымдастыруды акционерлік қоғамдарда акциялардың мемлекеттік пакетін, ұйымдарда қатысу үлестерін иелену, пайдалану және/немесе басқару құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жаңа заңды тұлға құруға бастамашы болатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) қамтамасыз етеді.
      5. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеуді заңды тұлғаны басқаруға уәкілетті орган белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайту туралы оң шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.
      6. ҚЭН өзіне мыналарды қамтуы тиіс:
      1) бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыруға көзделетін іс-шаралардың жалпы сипаттамасы;
      2) Ереженің 8-тармағында көрсетілген тәртіппен іс-шараларды таңдау негіздемесі;
      3) іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың көлемін растау;
      4) бюджеттік инвестициялардың қажеттілігінің негіздемесі;
      5) қосымшалар.
      7. Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыруға көзделетін іс-шаралардың жалпы сипаттамасы шеңберінде әрбірі бойынша мақсаты, міндеттері, құқықтық негізі, құны, қаржыландыру көлемі, іске асыру кезеңі мен кестесі, инвестиция құрамдауыштарының сипаттамасы, іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізу жоспарланып отырған сандық және сапалық көрсеткіштер, іс-шараларды жүзеге асырудың институционалдық схемасы және баламалары, іс-шараларды жүзеге асыру процесіне қатысатын ұйымдар туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылдары, оларды арасындағы жауапкершілік пен пайданың бөлінуін көрсету қажет іс-шаралардың тізбесі келтіріледі.
      ҚЭН-ге заңды тұлғалардың мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды айқындалған міндеттерді орындауға байланысты емес берешегін және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында іске асырылатын іс-шараларды қосуға жол берілмейді.
      8. Іс-шаралардың негіздемесі әрбір іс-шара бойынша мынадай дәйектілікпен жазылады:
      1) Жалпы бөлім.
      Бұл бөлімде бекітілген жобаның мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі, соның ішінде:
      шешуге іс-шараларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың міндеттері көрсетіледі. Бұл ретте, бағдарламалардың толық атауы, сондай-ақ бағдарлама бекітілген құжаттың нысаны, қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      сандық мәнде іс-шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелер;
      көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуден күтілетін әсер, соның ішінде іс-шараларды іске асыру кезеңдері бойынша;
      2) Экономикалық бөлім. 
      Бұл бөлім ұлттық экономикалық тұрғысынан іс-шаралардың тиімділігін бағалауға негізделеді және экономикалық талдау жүргізуді көздейді, оның ішінде:
      саладағы қазіргі ахуалды негізгі салалық көрсеткіштерді және соңғы үш жылдағы даму серпінін көрсете отырып талдау;
      экономикалық жағдайды және іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда салдарларды талдау;
      экономикалық табыстар мен шығындарды талдау, оның ішінде: инвестициялардың мемлекет экономикасына тигізетін нәтижелеріне, салдары мен әсеріне талдау (шығындар тиімділігін талдау және өлшенбейтін пайда, өсірілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасы, қайтымсыз шығасылар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобалардың жанама пайдалары);
      іс-шаралардың экономикалық тиімділігін сандық мәнде есептерді келтіре отырып, талдау, оның ішінде экономикалық таза дисконтталған табыс (ENPV) пен табыстылықтың экономикалық ішкі нормасы (EIRR).
      3) Қаржы бөлімі. 
      Бұл бөлімде қаржылық талдау, қаржылық шығындарға және мыналарды қамтитын іс-шараларды асыру нәтижесінде алынатын заңды тұлғаның кірістеріне бағалау жүргізіледі:
      заңды тұлғаның мыналарды қамтитын соңғы үш жылдағы қаржылық жағдайының талдауы:
      заңды тұлғаның ағымдағы өтімділік, қаржылық тұрақтылық, өз және қарыз капиталының ара қатынасы, өз қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті, көрсеткіштерін есептеуді қоса алғандағы қаржылық тұрақтылығы мен өтем қабілетінің талдауы, рейтинг агенттіктері берген заңды тұлғаның рейтингтік бағасы (егер бар болса). Сонымен бірге айтылған көрсеткіштердің соңғы үш жылдағы даму серпінінің, сондай-ақ олардың маңызына әсер еткен себептер мен оқиғалардың талдауы жасалады;
      өз капиталының және оның жарғылық капиталының табыстылық коэффициенттерін есептей отырып оның пайдаланылуын (есепті кезеңде алынған таза пайданың есепті кезеңдегі жарғылық капиталға қатысы), өз капиталының айналым коэффициенті (өнімді (жұмыстарды, қызметті) өткізуден түскен кірістің кезеңдегі өз капиталына орташа шамасына қатысты) талдауы, қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің, ішкі өндірістік көрсеткіштердің талдауы.
      Егер іс-шараларды іске асыру мақсатында заңды тұлға бюджеттік инвестициялар ретінде алған қаражат аффилиирленген тұлғаның жарғылық капиталына қатысу арқылы инвестицияға жіберілген болса, онда ҚЭН-ге сол аффилиирленген тұлғаның қаржылық жай-күйінің талдауы ұсынылады.
      Іс-шараның талдауы, оның ішінде әрбір іс-шара үшін:
      әрбір іс-шара үшін оны іске асырудың негіздемелері, оның ішінде нормативтік құқықтық негіздері көрсетілген қаржылық схеманың сипаттамасы;
       қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерін пайдалана отырып әрбір іс-шараның талдауы (өзін-өзі ақтау мерзімін, пайда нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеу);
      іс-шараны дисконттау әдістерінің көмегімен талдау: таза дисконтталған кірісті (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (IRR), дисконтталған пайда мен шығындардың қатынасын (B/C), ақтаудың дисконтталған мерзімін есептеу;
      белгісіздік жағдайларында іс-шаралардың іске асырылуын талдау, оның ішінде негізгі өлшемдер бойынша сезімталдығын талдау (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығасылар) және шығынсыздық нүктелерін есептеу;
      тәуекелдердің негізгі факторларын, өзгерістердің болжамды сипаты мен ауқымын ажыратып көрсете отырып, қаржылық тәуекелді талдау, тәуекелдерді төмендету жөніндегі болжамды іс-шаралар;
      іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын ақша ағынын есептеу, оның ішінде кірістер мен шығыстар көлемін, бюджетке түсімдер, іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын бөлінбеген және таза табыстың мөлшерін есептеу жүргізіледі;
      іс-шараны іске асырған жағдайда заңды тұлғаның қаржылық жағдайына іс-шараны іске асырудың әсерін көрсететін және іс-шаралар нәтижелерінің көрсеткіштердегі қатысу мөлшерінің көрсетілуімен қаржылық болжамдық есебін жасауды көздейтін заңды тұлғаның қаржылық жағдайының жорамалдануы. 
      9. Әрбір іс-шаралар бөлінісіндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың көлемін растау қосымшада енгізілген құжаттарды растайтын есептер мен негіземелерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Құрылысқа инвестицияларды жүзеге асырған кезде мемлекеттік комиссияның сараптамасын растайтын жоба алдындағы және жобалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылады.
      Басқа бағыттар бойынша инвестициялардың құнын растайтын есептер мен негіздемелер ұсынылады (бағамдық ұсыныстар, статистикалық мәліметтер, бағалау актілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, консультанттардың бағалары және басқалар).
      10. Бюджеттік инвестициялау қажеттілігінің негіздемесі мыналарды қамтиды:
      1) жарғылық капиталды қалыптастыру жөніндегі ақпаратты, соның ішінде бұрын жүзеге асырылған бюджеттік инвестицияларды және олардың тиімділігін;
      2) бюджет қаражатының қатысу қажеттілігін растайтын мейлінше толық аргументтер келтіру, мұнда, соның ішінде заңды тұлғаның жоспарланып отырған кезеңде қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асыру ұйғарылып отырған барлық инвестициялық жобаларының, бағдарламаларының немесе іс-шараларының басымдылығын бағалауды келтіру қажет және оларды іріктеу логикасын айқындауды;
      3) инвестициялық жобаларды, бағдарламаларды және іс-шараларды қаржыландырудың баламалы көздерін және кестелерін қарау, мұнда мынадай баламалы нұсқалар көзделуі тиіс: 
      бюджеттік инвестицияларды ескере отырып, инвестициялауды жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның меншікті қаражаты есебінен инвестицияларды жүзеге асыру (кірістер мен айналымдағы қаражаттың тиісті көлемі жұмсалғаннан кейінгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштердің өзгерістерін келтіре отырып);
      басқа көздерден қарыз алу және қаржыландырудың өзге тәсілдері.
      11. Қосымшалар іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардың құнын растайтын құжаттарды, жобаны (бағдарламаны) іске асырудың қарастырылып отырған әрбір нұсқасы бойынша қаржы-экономикалық модельдер, шығыстар серпіндері кестесі, өтелу кестесі, диаграммалар, суреттер, елді мекеннің карталары және ҚЭН-де келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын басқа материалдар мен құжаттарды қамтиды.
      12. ҚЭН-ды дайындау шеңберінде уәкілетті мемлекеттік орган іс-шаралардың салалық сараптамасын өткізеді.
      13. Салалық сараптаманың қорытындысы:
      салада бар жағдайды талдауды бағалауды; 
      іс-шаралардың мемлекеттік және салалық бағдарламалармен сәйкестігін бағалауды;
      ҚЭН-да көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда саладағы жағдайды талдауды бағалауды;
      сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және мыналарды:
      сала экономикасының құрылымындағы іс-шаралардың рөлі мен орнын;
      іс-шаралардың орналасатын жерін таңдаудың және ауқымының негіздемесін;
      іс-шаралар мүмкіндігін бағалауды;
      өнімді өткізу рыноктарын талдауды;
      заңды тұлға іс-шаралар бойынша техникалық шешімдер тиімділігінің жеткілікті болуын және оларды бағалауды;
      қаржыландыру схемасы мен көзінің негіздемесін бағалауды;
      заңды тұлғаның іс-шараларын жүзеге асырудың орындылығы туралы бағалауды;
      заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштерін және заңды тұлғаның инвестицияларын жүзеге асыру нәтижесінде алынатын қаржылық пайданы бағалауды;
      іс-шаралардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;
      іс-шаралардың мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды; 
      бюджеттік инвестицияларды іске асырудан түсетін пайда мен шығындардың бөлінуін бағалауды көрсете отырып ҚЭН-нің іс-шараларын іске асырудың саланы дамытуға әсерін бағалауды қамтиды. 
      14. Салалық сараптама қорытындысына бірінші басшы не оның орынбасары қол қояды.
      15. Салалық сараптама нәтижесі бойынша ҚЭН-ға салалық сараптама нәтижесінің қорытындысына сәйкес ҚЭН-ді кіргізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      ҚЭН-ға тек қана салалық сараптаманы іске асыруға мақұлданған іс-шаралар жатқызылады. 
      16. ҚЭН уәкілетті органдардың экономикалық сараптама жүргізуі үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыратын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейiн ұсынылады.
      17. Экономикалық сараптама жүргізу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 
      ҚЭН;
      салалық сараптама қорытындысы;
      заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы және мөрмен расталған соңғы 2 жылға қаржылық есептiлiк (теңгерім, кіріс және шығыстар туралы есеп, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, жарғылық капиталдағы өзгерістер туралы есеп); 
      даму жоспары немесе орта мерзімді кезеңге арналған қаржы-шаруашылық қызметтер.
      18. Экономикалық сараптама жүргізу үшін құжаттаманы бiрiншi басшының не оның орынбасарының қолы қойылған титульді бланкідегі жеке iлеспе хатпен уәкілетті органдар ұсынады. 
      Ілеспе хатта салалық сараптамамен келісілген және ҚЭН шеңберінде өтінім берілген бюджеттік инвестиция сомасы, қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
      19. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда бюджеттік инвестицияның ҚЭН-ін экономикалық сараптау барысында туындайтын жеке мәселелелерді қарау үшін уәкілетті органнан қосымша ақпараттар сұрайды. 

3. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті
органның ҚЭН-ды қарауы

      20. ҚЭН-ды қарау экономикалық сараптама жүргізуді бiлдiредi.
      Жобалардың экономикалық сараптамасы осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін енгізгеннен кейін қырық бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Берілген құжаттар Ереженің 2-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, немесе Ереженің 16-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімнен кеш берілсе ҚЭН қаралмайды.
      21. Экономикалық сараптама қорытындысы:
      құжаттардың құрамы мен сапасын бағалауды;
      бюджеттік инвестициялардың мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалармен сәйкестігін бағалауды;
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тұтастай экономикаға әсерін бағалауды;
      экономикалық пайда мен шығындарды бағалауды;
      бюджеттік инвестициялардың негіздемесін бағалауды қамтиды.
      22. Қажет болған жағдайда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сарапшыларды және консультанттарды тартады, немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін қарау барысында туындаған жекелеген мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      23. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы мәселені бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін негіз болып табылады.