" Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" және " Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4109 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 3 қаулысымен бекітілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде "1) тармақшасын" деген сан және сөз "1) және 2-1) тармақшаларын" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
жоғарғы оң жақ бұрышында "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тарауда:
1-тармақта:
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заңына" деген сөздер ""Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" және "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сақтандыру брокерлері" деген сөздерден кейін ", арнайы қаржы компаниялары" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) 90-99 "Арнайы қаржы компанияларының қызметіне байланысты операциялар", мұнда арнайы қаржы компаниялары жасайтын операциялар көрсетіледі.";
2-тарауда:
3-ші шоттар класында 334 11 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"334 90 Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері";
4-ші шоттар класында 441 62 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"441 90 Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы бөлінген активтері";
6-шы шоттар класында:
603 14 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"603 90 Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар
603 91 Арнайы қаржы компаниясының айналысқа шығарылған облигациялары бойынша дисконт
603 92 Арнайы қаржы компаниясының айналысқа шығарылған облигациялары бойынша сыйлықақы";
7-ші шоттар класында 724 28 шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"724 90 Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялауға байланысты кірістер";
8-ші шоттар класында:
831 27 шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"831 90 Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
834 91 Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстар";
3-тарауда:
334 11 шоттың сипаттамасынан кейін 334 90 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"334 90 Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері" (актив).
Мақсаты: арнайы қаржы компаниясы сатып алған талап ету құқықтарын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің ұлғаюы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерінің сомаларын есептен шығару жазылады.";
441 62 шоттың сипаттамасынан кейін 441 90 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"441 90 Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы ұлттық валютада бөлінген активтері" (актив).
Мақсаты: Бөлінген активтер бойынша түсімдерді инвестициялау нәтижесінде туындаған, басқаға берілген талап ету құқықтары, құқықтар және қаржы активтері бойынша түсімдерді есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттардағы ұлттық валютада бөлінген активтерінің ұлғаюы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы ұлттық валютада бөлінген активтерінің сомаларын оларды инвестициялау және облигацияларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";
603 14 шоттың сипаттамасынан кейін 603 90, 603 91 және 603 92 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"603 90 Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар" (пассив).
Мақсаты: эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялардың номиналдық құны жазылады.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялардың номиналдық құны оларды арнайы қаржы компаниясы өтеу кезінде есептен шығарылады.
603 91 "Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар бойынша дисконт" (контрпассив).
Мақсаты: айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кеткен сомаларын есепке алу (дисконт).
Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кету сомасы жазылады (дисконт).
Шоттың кредитті бойынша айналысқа шығарылған облигациялар бойынша дисконттың амортизациясының сомасы N 831 91 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.
603 92 "Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар бойынша сыйлықақылар" (пассив).
Мақсаты: айналысқа шығарылған облигациялардың орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кету сомаларын есепке алу (сыйлықақы).
Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кету сомасы жазылады (сыйлықақы).
Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы N 724 90 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.";
687 62 шоттың сипаттамасынан кейін 687 90 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"687 90 Оригинатор алдындағы міндеттеме" (пассив).
Мақсаты: арнайы қаржы компаниясының оригинатор алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының оригинатор алдындағы кредиттік берешегінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының оригинатор алдындағы кредиттік берешегінің сомасын облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны оригинаторға аудару кезінде есептен шығару жазылады.";
724 28 шоттың сипаттамасынан кейін 724 90 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"724 90 "Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйлықақыларды амортизациялауға байланысты кірістер".
Мақсаты: арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйлықақылар амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйлықақылар амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын N 571 "Жиынтық кіріс (зиян) баланстық шотына есептен шығару жазылады".";
831 27 шоттың сипаттамасынан кейін 831 90 және 831 91 шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"831 90 "Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар".
Мақсаты: арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық кіріс (зиян) баланстық шотына есептен шығару жазылады".
831 91 "Арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстар".
Мақсаты: арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясы айналысқа шығарған облигациялар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты шығыстардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық кіріс (зиян) баланстық шотына есептен шығару жазылады".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, арнайы қаржы компанияларына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.