Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 216 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4430 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге мәлімет үшін жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (депозиттерге міндетті кепілдік
  беруді жүзеге асыратын
  ұйымның атауы)

      Күні 20__ жылғы "____"__________

Өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банк ______________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (банктің толық атауы)

      (бұдан әрі - Банк)

      _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ негізінде

      (жарғы, бұйрық, сенімхат немесе өзге құжаттың)

      іс-әрекет ететін, ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банктің қосылу шартына қосылады.

      Банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі

      уәкілетті орган берген депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және

      жүргізу бойынша операцияны қоса алғанда, банктік операцияларды жүргізуге арналған

      20____ жылғы "____"_____________ лицензияны 20____ жылғы "____"________ алды.

      Банк "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған

      депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан

      Республикасының Заңында және қосылу шартында көзделген қатысушы банктің

      міндеттемелерін өзіне қабылдайды.

      Банк деректемелері:

      _______________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      _______________________________________________________________________________

      анықтамаға сәйкес банктің қазақ және

      _______________________________________________________________________________

      орыс тілдеріндегі атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

      _______________________________________________________________________________

      туралы анықтаманың куәліктің берілген күні)

      _______________________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________

      (нақты мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі

      _______________________________________________________________________________

      корреспонденттік шоттың нөмірі)

      _______________________________________________________________________________

      (банктік сәйкестендіру коды)

      Бірінші басшы ______________________________________ ______________________

       (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса))            (қолы)

      Мөр орны (бар болса)