"Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация үйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары және мамандары лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4428 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары мен мамандары лауазымдарын нақтылау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары және мамандары лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113  бұйрығына  (Нормативтiк-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2948 нөмiрмен тiркелген) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары мен мамандары лауазымдарының тiзбесiнде:
      4-тармақта:
      6) тармақшадағы "." тыныс белгiсi ";" тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) инспектор (кiшi инспектор) - жүргiзушi;
      8) бақылау және бейне бақылау пунктының инспекторы (кiшi инспекторы).";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Әуежайдың АҚҚ рұқсат беру бюросы:
      1) рұқсат беру бюросының бастығы;
      2) рұқсатнама бюросының аға инспекторы (инспекторы).".

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға