Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4419 болып енгізілді.

Қолданыстағы

     " Лицензиялау туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығы  туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттік реттеу және қадағалау  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған   Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік қаржы
      орталығының қызметін
      реттеу агенттігінің Төрағасы

      3 қазан 2006 жыл

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2006 жылғы 12 тамыздағы   
N 146 қаулысымен бекітілген 

  Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының 
қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік
орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік
және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру
жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы
қызметкерлерін келісу ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Алматы  қаласының өңірлік қаржы  орталығы туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттік реттеу және қадағалау  туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі - Қаржы орталығы) қызметін реттеу үшін уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар (бұдан әрі - лицензия) беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу талаптарын және тәртібін анықтайды.

  1-тарау. Лицензияны беру шарттары және тәртібі

       1. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш иесі) лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысанның белгіленген үлгісіндегі өтініш;
      2) бюджетке төленетін лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігінің көшірмесі, статистикалық карточканың, Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;      
      4) жарғының, оған жасалған барлық өзгерістері мен қосымшаларын қосқандағы нотариатта куәландырылған көшірмесі (осынысы қолда бар болса);
      5) осы Ереженің  1-қосымшасына  сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      6) бухгалтерлік баланс, кірістер және шығыстар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, өтініш иесінің акцияларын төлеуге ақша енгізердің алдындағы соңғы айдың аяғында өтініш беруші акционерлердің (қатысушылардың) меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
      7) осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес басшы қызметкерлерге келісуге берілген құжаттар;
      8) фамилиялары, аттары және қызметкерлердің иеленіп отырған лауазымдары бойынша әкелерінің аттары болған жағдайда сонысы көрсетілген штат кестесінің көшірмесі;
      9) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, сондай-ақ осы бөлімшелердің қызметкерлері туралы мәліметтер (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, азаматтығы);
      10) өтініш иесінің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғасы үшін);
      11) бағалы қағаздар рыногын (қаржы рыногын) реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар және (немесе) осы Ереженің 2 және 3 тармақтарының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелетін өтініш иесінің құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін растайтын халықаралық кәсіби қоғамдастық берген құжаттар көшірмелері;
      12) бағдарламалық-техникалық құралдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруы қажет өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды өтініші иесінің орындауын растайтын құжаттар;      
      13) өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы өтініш иесінің бухгалтерлік балансы;
      14) өтініш иесінің жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің төленгендігін растайтын құжаттар (төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға үшін)).

      2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелген өтініш иесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға қатысу үшін мынадай талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
      1) осы Ереженің 3-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның қолданылып жүрген біліктілік куәлігі болуы;
      2) шет мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын (қаржы рыногын) реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органы берген бағалы қағаздар рыногы аумағындағы тиісті мамандандыру бойынша қолданылып жүрген құжаттың болуы;
      3) халықаралық кәсіби қоғамдастық берген "қаржылық талдаушы" мамандандырылған сертификатының болуы.

      3. Осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес болу үшін брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу кезінде уәкілетті органның біліктілік куәлігінде мыналар болуы  тиіс:
      1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу жөнінде мынадай құқығы болуы керек:
      бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар уәкілетті органның біліктілік куәліктерімен (бұдан әрі - бірінші санатты біліктілік куәлігі) -   өтініш иесінің ішкі құжаттарына сәйкес өтініш иесі қызметкерлері (техникалық функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерден басқа) қаржы құралдарымен мәміле жасауды жүзеге асырады;
      бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар уәкілетті органның біліктілік куәліктерімен (бұдан әрі - екінші санатты біліктілік куәлігі) -  өтініш иесі қызметкерлері өтініш иесінің ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелерді, өтініш иесі мен оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды (техникалық функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерден басқа) жүзеге асырады;
      2) клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз:
      бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар уәкілетті органның біліктілік куәліктерімен (бұдан әрі - бірінші санатты біліктілік куәлігі) -   өтініш иесінің ішкі құжаттарына сәйкес өтініш иесі қызметкерлері (техникалық функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерден басқа) қаржы құралдарымен мәміле жасауды жүзеге асырады.

      4. Осы Ереженің 1-тармағындағы бірнеше парақтардан тұратын  құжаттар өтініш иесінің нөмірленген, тігілген және парақтың соңғы бетіне қолдары қойылған түрінде, ішінара тігілген жеріне жапсырманың жоғарғы жағына желімделген тігінді парақтардың саны көрсетіліп ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар өтініш иесінің қолымен және өтініш иесінің мөр бедерімен расталады.

      5. Лицензия алуға ұсынылатын құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған сәттен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды. 

      6. Өтініш иесі және оның лицензия алуға ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, оның ішінде осы Ережеге сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне осы Ереженің  2-қосымшасына  сәйкес лицензия беріледі. 

      7. Лицензия өтініш иесінің алқалы атқарушы органының басшысына (атқарушы орган функциясын бір өзі орындайтын тұлғаға) не өтініш иесі берген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын оның өкіліне беріледі. 

      8. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тартуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген негіздеме бойынша жасайды. Өтініш иесіне лицензия беруге белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      9. Қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген және уәкілетті орган берген брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - Қаржы орталығының қатысушысы) осы Ереженің 1-тармағының 3)-5), 7)-9) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап (Қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті мемлекеттік органның тіркеуі) он күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер мен толықтыруларды береді.

  2-тарау. Өтініш иесінің басшы қызметкерінің
(Қаржы орталығының қатысушысы) лауазымды қызметін
иеленуге келісім берудің талаптары мен тәртібі

       10. Өтініш иесінің басшы қызметкері (Қаржы орталығының қатысушысы)   болып Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, алқалы атқарушы органның бірінші басшысы және мүшелері (атқарушы орган функцияларын жеке дара атқарушы тұлға), бас бухгалтер, өтініш иесінің (Қаржы орталығының қатысушысының) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және негізі бойынша бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығы бар өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) өзге де басшылары танылады.

      11. Өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкері болып мынадай тұлғалар тағайындала (сайлана) алмайды:
      1) жоғары білімі болмаса;
      2) Қаржы қызметін беру және (немесе) реттеу саласындағы осы Ереженің 12-тармағымен белгіленген жұмыс өтілі болмаса;
      3) экономикалық қызмет саласында, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстары үшін заңның белгіленген тәртібімен өтелмеген немесе соттылығы алынбаған болса;
      4) осының алдында Директорлар кеңесінің бірінші басшысының, алқалы атқарушы органның бірінші басшысының (атқарушы орган функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасарының, қаржы ұйымының бас бухгалтерінің бағалы қағаздар рыногын (қаржы рыногы) реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган  қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезең ішінде осы қаржы ұйымы резидент болып табылатын мемлекеттің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешімдері. Аталған талап бағалы қағаздар рыногын (қаржы рыногы) реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның осы қаржы ұйымы резидент болып табылатын мемлекеттің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешімдері қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.

      12. Өтініші иесінің басшы қызметкері лауазымына (Қаржы орталығы қатысушысы) кандидат (бұдан әрі - кандидат) осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін мынадай жұмыс өтілінің болуы қажет:
      1) алқалы атқарушы органның бірінші басшысы қызметіне кандидат (атқарушы орган функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш иесінің бас бухгалтері (Қаржы орталығы қатысушысы) үшін - қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында үш жылдан кем емес;
      2) алқалы атқарушы органның мүшесі қызметіне кандидат (Қаржы орталығы қатысушысы) үшін - қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында екі жылдан кем емес;
      3) өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге басшысы қызметіне кандидат және негізінде бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығы бар кандидаттар үшін - қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында бір жылдан кем емес.
      Өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) бірінші басшысы және Директорлар кеңесі мүшесі қызметіне кандидат үшін қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс өтілі талап етілмейді.
      Осы тармақпен анықталған жұмыс өтіліне қаржы ұйымының  шаруашылық қызметін жүзеге асыруға байланысты  бөлімшелеріндегі жұмыс енгізілмейді. 

      13. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспайтын күн ішінде өз қызметін уәкілетті органмен келіспей атқара алады.
      Осы тармақпен белгіленген мерзімде уәкілетті органға келісуге құжаттар берілмеген не келісу кезінде уәкілетті орган бас тартқан жағдайда өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) осы тұлғамен арадағы жеке еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады (басшы қызметкер өкілеттігін тоқтатады).

      14. Уәкілетті орган келісуді тест өткізу үшін кандидаттарды шақыру арқылы не осы Ереженің 22-тармағында көзделген жағдайларда оларды шақырмай-ақ шешеді.

      15. Өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) алқалы атқарушы органының бірінші басшысын және мүшелерін (атқарушы орган функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғалар) тағайындау кезінде және өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) алқалы атқарушы органының бірінші басшысын (атқарушы орган функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғалар) не кадр мәселесіне жетекшілік ететін оның орынбасарын тағайындау кезінде - басқа басшы қызметкерлерді тағайындау кезінде өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) кандидаттар туралы мәліметтердің құжаттамалық тексерілгендігі туралы көрсете отырып - Директорлар кеңесінің бірінші басшысы осы құжатқа қол қоюға уәкілетті өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) құрылтайшыларының (қатысушыларының) бірі қол қойған еркін нысандағы өтінішті;
      2) бірінші басшы және Директорлар кеңесі мүшелерінің, бас бухгалтердің қызметтеріне кандидаттардан басқа кандидаттың қызметтік нұсқаулықтарының көшірмесін;
      3) кандидатты сайлауға (тағайындауға) уәкілетті өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) органы шешімінің көшірмесін;
      4) электронды және қағаз тасымалдағыштардағы осы Ереженің  3-қосымшасына  сәйкес кандидаттар туралы мәліметтер;
      5) кандидаттың жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесін;
      6) уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу (аталған құжатты берген күн өтінішті беру күнінің алдындағы үш айдан артық болуы тиіс емес) жөніндегі анықтама нысанында экономикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған өзге де қылмыстардың жоқтығын немесе өтелгендігін (алынғандығын) растайтын құжат. Шетелдік азаматтар қосымша олар азаматы болып саналатын елдің тиісті мемлекеттік органы берген осыған ұқсас мазмұндағы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олар тұрақты тұратын елдің құжатын береді;
      7) бірінші және (немесе) екінші санатты қолданылып жүрген біліктілік куәліктерінің көшірмелерін (бар болса).

      16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган оларды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      17. Кандидатты келісу үшін уәкілетті орган құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін комиссияны құрады. 

      18. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі өтініш иесіне (Қаржы орталығы қатысушысына) тест жүргізу күні туралы жазбаша түрде хабарлайды. Кандидаттың белгіленген мерзімде тест өткізуге дәлелді жағдаймен келе алмаған жағдайында өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) уәкілетті органға келмеу себептерін көрсете отырып және осы Ережеде белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде кандидатпен тест өткізудің болуы мүмкін күні туралы хабарлайды.

      19. Комиссияның қарауына өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) ұсынған құжаттар, ал кандидатты тест өткізу үшін шақыруды келіскен жағдайда - тест қорытындысы жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірлерін осы Ереженің  4-қосымшасындағы  нысан бойынша білдіреді. 

      20. Комиссия шешімді жай көп дауыс бойынша қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сұрату жасау жолымен қабылдануы мүмкін.

      21. Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы Комиссияның қабылдаған шешімі туралы хаттаманы ресімдейді. 
      Өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) Комиссия Төрағасы (немесе оның орынбасары) хаттамаға қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша хабарлама жіберу жолымен кандидаттарды келісу қорытындысы туралы хабардар етеді.

      22. Өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) ұсынған құжаттар негізінде тест өткізуге шақырылмай келісілетін кандидаттарына мыналар жатқызылуы мүмкін:
      1) осының алдында уәкілетті органмен тиісті немесе жоғарыдағы қызметтерге қаржы ұйымдары келіскен кандидаттар;
      2) бірінші басшының және Директорлар кеңесінің мүшелері қызметіне кандидаттар;
      3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар бірінші басшы және мүшелері (атқарушы орган функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғалар) қызметіне кандидаттар;
      4) қаржы ұйымында бас бухгалтер болып істеген екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болып отырған бас бухгалтер қызметіне кандидаттар;
      5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өзге басшы қызметкерлер қызметіне кандидаттар;
      6) бірінші және (немесе) екінші санатты біліктілік куәліктері бар кандидаттар.

      23. Тест өткізуге шақыру арқылы кандидаттарды келісу отыз сұрақ беру арқылы отыз минут ішінде компьютерлік тест жасау әдісімен жүргізіледі. Кандидат тест жүргізу кезінде аудармашының қызметін пайдаланған жағдайда тест алу мерзімі қырық бес минутқа дейін өсірілуі мүмкін.
      Кандидаттардың тест жүргізу сұрақтарын уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді және ол уәкілетті органның ресми web-сайтында орналастырылады.
      Кандидаттармен тест жүргізу кезінде тест жасаушы адам отырған үй-жайда бірге болуға уәкілетті органның жауапты бөлімшесінің қызметкерлеріне және қажет болған жағдайда аудармашыға ғана рұқсат беріледі.
      Кандидаттармен тест жүргізу кезінде қандай да бір жазбаша, электронды немесе басқа ақпаратты материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта айтылған талаптарды бұзу тест жүргізудің теріс нәтижесі болып есептеледі.

      24. Кандидаттың тест жүргізудің оң қорытындысын алуы (дұрыс жауаптың 70 %-і) Комиссияның осы кандидаттың басшы қызметке тағайындалуы (сайлануы) туралы келісімді қабылдауға негіздеме болып табылады.
      Кандидат тест қорытындысымен тест өткізілген соң бірден, қол қоя отырып танысады. 

      25. Кандидат тест қорытындысымен келіспеген жағдайда тест жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аппелляциямен жазбаша өтініш бере алады.

      26. Аппелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Төраға, оның орынбасары және Комиссия мүшелері аппелляциялық комиссия мүшелері болып табылмайды.

      27. Аппелляцияны аппелляциялық комиссия оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні аралығында қарайды.

      28. Апелляциялық комиссия мәжілісінде дауыс беру құқығынсыз Комиссия төрағасы және (немесе) оның орынбасары апелляция беруші кандидат қатыса алады. 

      29. Апелляциялық комиссия мәжілісін өткізу кворумы төрағаны қосқандағы (апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары)  апелляциялық комиссия мүшелерінің үштен екісінен кем болмайды. 
      Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесі бір дауыс иеленеді. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мәжілісіне қатысушы мүшелердің жай басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы не ол болмаған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болып есептеледі.

      30. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалатын және оған осы мәжіліске қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасының екінші данасы комиссияға беріледі. 

      31. Апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасын функциясын  оның мүшелерінің бірі жүзеге асыра алатын оның хатшысы атқарады.

      32. Апелляцияны қарау қорытындысы бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      тест қорытындысын өзгеріссіз қалдырып, апелляцияны қанағаттандырмау; 
      кандидаттың апелляциясын қанағаттандыру және оны екінші рет тесттен өтуге жіберу.

      33. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген толық емес құжаттар пакетін ұсынған, не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына және (немесе) өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган құжаттарды қарамай, қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш иесіне (Қаржы орталығы қатысушысына) қайтарып береді.

      34. Уәкілетті орган  өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкерінің тағайындалуына (сайлануына) мынадай негіздемелер бойынша келісім бермейді:
      1) осы Ереженің 11 және 12 тармақтарында белгіленген талаптарға басшы қызметкер лауазымына ұсынылып отырған кандидаттың сәйкес келмеуі;
      2) келісуге құжаттар пакетін осы Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өтіп кеткен соң ұсынуы;
      3) тест бойынша теріс қорытынды. 

      35. Өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкерінің тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті орган келісім бермеген не өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметтен шығарылған немесе осы өтініш иесіндегі (Қаржы орталығы қатысушысындағы) өзге қызметке ауысқан жағдайда осы тұлғаның өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметіне екінші рет тағайындалуы (сайлануы) оның өзге қызметке тағайындалуына (сайлануына) не оның жұмыстан шығуына не өзге қызметке ауысуына  бас тарту жасалған соң тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, бірақ қатарынан екі реттен артық емес жиырма ай ішінде жасалуы мүмкін. 

      36. Өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкерінің тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті орган қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда осы тұлғаның өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметіне тағайындалуы (сайлануы) уәкілетті органның оның өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметіне тағайындалуына (сайлануына) екінші рет бас тартуы туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін. 

      37. Уәкілетті орган өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкерінің тағайындалуына (сайлануына) берген келісімін мына негіздемелер бойынша кері қайтарып алуы мүмкін:
      1) келісім берілген негіздемелерде шынайы емес мәліметтер анықталған жағдайда;
      2) уәкілетті органның басшы қызметкерге жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан артық) санкциялар қолдануы.
      Уәкілетті орган өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) басшы қызметкерінің тағайындалуынан (сайлануынан) бас тартқан жағдайда өтініш иесі (Қаржы орталығы қатысушысы) аталған тұлғамен жеке еңбек шартын бұзады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басшы қызметкердің өкілеттілігі тоқтатылады).

      38. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген Қаржы орталығының қатысушысы он күндік мерзім ішінде уәкілетті органды  келісу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер, сондай-ақ басшы қызметкерлердің басқа қызметке ауысу және жұмыстан шығарылуын қосқандағы оның құрамында болған барлық өзгерістер туралы хабардар етіп отырады. 

  3-тарау. Қорытынды ережелер  

       39. Уәкілетті орган берілген, уақытша тоқтатылған, кері қайтарып алынған лицензиялардың есебін жүргізеді, сондай-ақ өтініш иесінің (Қаржы орталығы қатысушысының) кандидатуралары олармен келісілген басшы қызметкерлерінің тізілімін жасайды. 

      40. Уәкілетті орган уәкілетті органның ресми web-сайтына орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша лицензияларды беру, кері қайтарып алу, уақытша тоқтату, тоқтату және жаңарту туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

      41. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілетін болады.

                                 Алматы қаласының өңірлік қаржы
                              орталығының қызметін реттеу жөнінде
                              уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                            заңды тұлғаларға брокерлік және/немесе
                                дилерлік қызметті жүзеге асыруға
                             лицензияларды беру және олардың басшы
                                 қызметкерлерін келісу ережесіне
                                            1-қосымша

               Акционер (қатысушы) туралы мәлімет
                      (заңды тұлға үшін) __________________________________________________________________
                    (өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің (қатысушының) акционері_______________________
__________________________________________________________________
                        (толық атауы)
Тұрған жері        _______________________________________________
__________________________________________________________________
                   (пошта индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері ___________________________________________
__________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірі, электронды почтаның мекен-жайы егер бар
болса)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер_______________
__________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес  ______________
Негізгі қызмет түрі ______________________________________________
__________________________________________________________________
     2. Акционерге жататын өтініш иесінің дауыс беру акцияларының,
өтініш иесінің дауыс беру акцияларының жалпы санына шаққандағы
пайыздық ара-қатынасы (өтініш иесінің жарғылық капиталға қатысу
үлесі)
__________________________________________________________________
     3. Акционердің өтініш берушінің (қатысушының) өзге де заңды
тұлғаларды құру және қызметіне қатысушы, акционердің, заңды
тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, қатысуы
туралы мәліметтер_________________________________________________
__________________________________________________________________
     4. Акционер өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының он және
одан да көп пайыздарына иелік етіп отырған қатысушылар, акционер
өтініш беруші (қатысушы) туралы мәліметтер (оның жарғылық
капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын қатысушы өтініш
иесінің жарғылық капиталға қатысу үлесі):

N№

Атауы/аты-жөні, тегі және бар болса әкесінің аты

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының  резиденті/резидент емес)

Дауыс беруші акциялардың акционер өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына немесе қатысушы өтініш берушінің (пайызбен) жарғылық капиталда қатысу үлесінің ара-қатынастары

Қызметтің негізгі түрі

1.

 

 

 

 

      5. Акционер (қатысушы) өтініш беруші қатысатын өндірістік,
банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, ассоциациялар,
консорциумдар, конглометрлар туралы толық атауы, ұйымның тұрған
жері көрсетілген мәліметтер_______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      6. Осы анкетаның 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген,
бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес солай болып
табылатын акционер (қатысушы) өтініш берушінің басқа да
аффилиирлеген тұлға туралы қосымша мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      7. Акционер (қатысушы) өтініш берушінің басшысы туралы
мәліметтер:
__________________________________________________________________
                (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

"___" _________ 20__жыл

Акционер (қатысушы) өтініш беруші басшының қолы___________________

Мөр қоятын жер

Акционер (қатысушы) туралы мәлімет
(жеке тұлға үшін)
________________________________________________________________
            (өтініш берушінің толық атауы)

     1. Өтініш беруші (акционер)__________________________________
__________________________________________________________________
              (аты-жөні, бар болса әкесінің аты)
     Туған күні мен жылы _________________________________________
     Азаматтығы  _________________________________________________
Жеке тұлғасын білдіретін құжаттар дерегі  ________________________
__________________________________________________________________
   (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
     Тұрған жері__________________________________________________
__________________________________________________________________
                   (почта индексі, мекен-жайы)
    Байланыс деректемелері _______________________________________
__________________________________________________________________
            (телефон, электрондық почтаның мекен-жайы)
     Жұмыс орны (мекен-жайын көрсете отырып), лауазымы ___________
__________________________________________________________________
     2. Акционерге жататын өтініш иесінің дауыс беру акцияларының,
өтініш иесінің дауыс беру акцияларының жалпы санына шаққандағы 
пайыздық ара-қатынасы (өтініш иесінің жарғылық капиталға қатысу
үлесі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     3. Акционердің өтініш берушінің (қатысушының) өзге де заңды
тұлғаларды құру және қызметіне қатысушы, акционердің, заңды 
тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, қатысуы
туралы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     4. Осы анкетаның 3-тармағына сәйкес көрсетілмеген, бірақ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес солай болып табылатын 
акционер (қатысушы) өтініш берушінің басқа да аффилиирлеген тұлға
қосылма туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

"___" _________ 20__жыл

Акционер (қатысушы) өтініш берушінің қолы ___________________

                                  Алматы қаласының өңірлік қаржы
                               орталығының қызметін реттеу жөнінде
                              уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                 заңды тұлғаларға брокерлік және
                                  немесе дилерлік қызметті жүзеге
                               асыруға лицензиялар беру және олардың
                               басшы қызметкерлерін келісу ережесіне
                                            2-қосымша

                    Қазақстан Республикасының
                            Елтаңбасы

                         ЛИЦЕНЗИЯ
                 Уәкілетті органның толық атауы
          __________________________________________
      (бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрінің атауы)

    Лицензия нөмірі ________________"__"_____________20__жыл

________________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы)

Лицензия тек қана Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
арнайы сауда алаңында қолданылады 
Лицензияны қолдану мерзімі -  шектеусіз.
Лицензияны басыбайлы, яғни лицензиат жеке және заңды тұлғаларға
беруіне болмайды

Уәкілетті органның басшысы
 (басшының орынбасары) __________________________________________
                     (басшының (басшы орынбасарының) аты-жөні) 

Мөрдің орны

                         Алматы қаласы 

                                  Алматы қаласының өңірлік қаржы
                               орталығының қызметін реттеу жөнінде
                              уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                 заңды тұлғаларға брокерлік және
                                  немесе дилерлік қызметті жүзеге
                               асыруға лицензиялар беру және олардың
                               басшы қызметкерлерін келісу ережесіне
                                            3-қосымша

                                                Кандидат суреті

       Өтініш беруші басшы қызметкер лауазымына кандидат
                қызметкер туралы мәліметтер
                   (Қаржы орталығына қатысушы)
________________________________________________________________
     (Өтініш беруші басшы қызметкер лауазымына тағайындалатын 
          (сайланатын) үміткердің лауазымы көрсетіледі
                    (Қаржы орталығына қатысушы)
________________________________________________________________
         (өтініш берушінің атауы (Қаржы орталығына қатысушы)
1. Жалпы мәліметтер:

Аты-жөні

 

 

(жеке бас куәлігімен (төлқұжатпен) толық сәйкес келуі, аты-жөні өзгерген жағдайда қашан және қандай себептермен өзгергені көрсетілуі керек) 

Туған күні мен жері

  

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

 

 

(нақты мекен-жайы, қызмет, үй, байланыс телефондары, елді мекеннің коды көрсетілсін) 

Азаматтығы 

  

Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері

  

Заңды тұлғалардың акцияларға тікелей, жанама иелік етуі, жарғылық
капиталға қатысуы: 

№N 

Атауы және тұратын жері

Заңды тұлғаның жарғылық қызмет түрлері

Үміткерге тиесілі дауыс беруші акциялардың заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына ара-қатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жақын туыстар туралы мәліметтер (ата-анасы, жұбайы, ағасы немесе
інісі, әпкесі немесе қарындасы, сіңлісі, балалары), жекжаттары
(аға немесе інісі, әпкесі немесе қарындасы, сіңлісі, ата-аналары,
жұбайының (жұбайларының) балалары): 

№N 

Аты-жөні

Туған жылы

Туыстық  жақындығы

Жұмыс орны және лауазымы

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

2. Кәсіби деректері: 

Білімі, оның  ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі 

 

 

 

(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, факультет немесе бөлімшесі, оқыған кезеңі, біліктіліктің берілуі, білім туралы дипломның деректемелері)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істеп жатқан салада біліктілікті  жетілдіру курстары, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқыған кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында істеген, оның ішінде жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған салада жұмыс тәжірибесінің болуы 

 

 

(қаржы ұйымдарында қанша жыл істегені көрсетілсін)

Қаржы қызметін ұсыну және (немесе) реттеу саласында басшылық лауазымда істеген, оның ішінде жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған салада жұмыс тәжірибесінің болуы 

 

 

(Жинақтаған жұмыс тәжірибесін жазу: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдысы)

Қол жеткен табыстары

 

 

(аталған мәселе бойынша ақпараттар беру, мысалы, ғылыми жарияланымдардың атауы, ғылыми, заңнамалық және басқа да  әзірленімдерге қатысу) 

Кәсіподақ ұйымына мүшелігі

 

 

(аталған мәселе бойынша ақпараттар беру, мысалы, аудиторлар, актуарийлер палатасы) 

Уәкілетті орган (халықаралық кәсіподақ ұйымы) берген тиісті санаттың біліктілік куәлігі (аттестат, сертификат) 

 

 

Біліктілік куәлігінің (аттестаттың, сертификаттың) нөмірі мен күнін көрсету

Осы мәслеге қатысы бар басқа да ақпараттар 

 

 

(үміткердің кәсіби шеберлігін көрсететін ақпарат көрсетіледі)

Еңбек ету туралы мәлімет: 

N№

Жұмыс кезеңі (айы/жылы)

Ұйымның атауы, иеленген лауазымдар және лауазымдық міндеттер, ұйымның мекен-жайлары

  

  

  

  

  

  

3. Басқа да мәліметтер: 

Экономикалық қызмет саласында, сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған қылмыстары үшін сотталудың белгіленген заңды тәртібі бойынша жойылғандығының  немесе алынбағандығының болуы

Ия/жоқ

Заңнаманы бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

Ия/жоқ (егер "Ия" десе, онда ықпал ету шарасын кім қолданған күні)

Бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған, кейін банкрот деп танылған не оған лицензиясын кері қайтарып алу, мәжбүрлеп тарату, консервациялау туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға шешім қабылданған  

 

Қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша сот талқылау ісіне қаржылық ұймым басшысы ретінде жауапкер болып  тартылды ма? 

 

 

(сот ісін қараудағы, қарайтын мәселедегі және сот шешіміндегі жауапты ұйымның атауын, күнін көрсету)

Осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттар

  

 

(еркін түрде көрсетіледі)

Мен, ((Қаржы орталығына қатысушы) өтініш иесі басшы қызметкер 
лауазымына кандидаттың фамилиясы, аты-жөні) ______________________________________________, ақпараттарды
мұқият тексеріп шыққандығымды растаймын және ол нақты және толық
болып табылады, мен ұсынған мәліметтер шынайы болмаса, онда 
менің тағайындалуыма келісімді кері қайтарып алуға ол негіз 
болып табылады. 

__________________(қолы, күні). 

                                  Алматы қаласының өңірлік қаржы
                               орталығының қызметін реттеу жөнінде
                              уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген
                                 заңды тұлғаларға брокерлік және
                                  немесе дилерлік қызметті жүзеге
                               асыруға лицензиялар беру және олардың
                               басшы қызметкерлерін келісу ережесіне
                                            4-қосымша

                                    200__ жылғы "____" __________  

                                   N_____________________хаттама

     Комиссияның басшы лауазымға өтініш берген кандидаттың
   (Қаржы орталығына қатысушының) құжаттарын қарау қорытындысы

__________________________________________________________________ 
кандидаттың (Қаржы орталығына қатысушының) фамилиясы, аты-жөні,
өтініш беруші басшы қызметкердің лауазым атауы
___________________________________________________________________

№№N

Комиссия мүшелерінің Фамилиясы, аты-жөні

Нәтижеге "келісу", "келіспеу"

Ескерту (Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі)

Комиссия мүшелерінің қолы және күні

1

2

3

4

5

 

  

 

 

 

 

  

 

 

 

  Комиссия Төрағасы        _______________________

  Комиссияның шешімі: Келісім берілсін
                      Келісім берілмесін