Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4413 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 04.2-09/78 Бұйрығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2008.04.03  N 04.2-09/78  (2008 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы"  Заңының  6 бабының 9) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға келесі біліктілік талаптары бекітілсін: 
      1) штатта халықаралық қаржы стандарттарына сәйкес сертификаты бар кемінде 2 (екі) аудиторлардың болуы;
      2) аудиторлардың немесе аудиторлық ұйымдардың халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болатын немесе резидент болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы болып танылған кәсіби ұйымдарда мүшелігі;
      3) Қаржы есептілігі мен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелінген ұйымдардың болуы; 
      4) аудиторлық қызметтің мерзімі кемінде 3 (үш) жыл;
      5) аудитті жүзеге асыру барысында мүліктік зиян келтіруден туындайтын міндеттер бойынша аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың болуы;
      6) аудиттелетін ұйыммен аффилиирленбеу.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жариялау күнінен бастап қолданысқа енеді.
      3. Агенттіктің тіркеу департаментіне:
      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту шаралары қолданылсын;
      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
      4. Агенттіктің Даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолданылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелінсін.   

       Төраға

       Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын
      реттеу және қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

      2006 жыл 

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

       2006 жыл