Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4412 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы"  Заңы  6 бабының 7) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН
      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына келесі талаптар бекітілсін:
      1) қаржы сенімділігінің рейтингісі ретінде тиісті акциялардың эмитенттері - акцияны арнайы сауда алаңына рұқсат берілген жағдайда, ал олардың борышты бағалы қағаздары - оның борышты бағалы қағаздарына рұқсат берілген жағдайда рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын, рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша шетел валютасындағы немесе ұлттық валютасындағы мерзімді несие қабылданады;
      2) эмитенттің және (немесе) оның бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы халықаралық шкала бойынша "ВВ-" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктерді жіктелуі бойынша) немесе "Ва3" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша), не болмаса "Standard & Poor's" қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB" төмен болмауға тиіс; 
      3) рейтингтік бағаларды қарастыру барысында соңғы он сегіз айдың ішінде иеленген (бекітілген, жаңаланған) рейтингтік бағалар ғана назарға алынады. Бірнеше рейтингтік агенттіктермен иеленген рейтингтік бағалар болған жағдайда осы бағалардың соңғысы назарға алынады. 
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
      3.   Агенттігінің тіркеу департаментіне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын;
      2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
      4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік
      қаржы орталығының қызметін
      реттеу Агенттігінің Төрағасы

 

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы рыногы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және қадағалау
      жөніндегі Агенттігінің Төрағасы

      2006 жыл