Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы болып саналатын қор биржаларының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4402

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы"  Заңының  6 бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi агенттiгi (әрi қарай - Агенттiк) болып саналатын қор биржаларының тiзбесi бекiтiлсiн:
      1) NYSE
      2) NASDAО
      3) London Stock Exchange
      4) Euronext
      5) Toronto Stock Exchange
      6) Deutsche Borse
      7) Tokyo Stock Ехсhаngе
      8) ВМЕ Spanish Exchanges
      9) Borsa Italiana
      10) SWX Swiss Exchange
      11) Hong Коng Stock Exchange
      12) Shanghai Stock Exchange
      13) Singapore Exchange
      14) Taiwan Stock Exchange Corp.
      15) "Қор биржасы Москвалық банк аралық валюталық биржасы" жабық акционерлiк қоғамы;
      16) "Алғашқы қор сауда жүйесi" Қауымдастығы;
      17) "Қазақстандық қор биржасы" АҚ.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      3. Агенттiгiнiң тiркеу Департаментiне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарларына жеткiзiлсiн.
      4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңiрлiк
      қаржы орталығының қызметiн
      реттеу Агенттiгiнiң Төрағасы