"Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 253 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы N 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4387

Қолданыстағы

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Салық органдарында мүлiктi жария ету жүргiзудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің   2006 жылғы 11 шілдедегі N 253  бұйрығына   (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 12 шілдеде N 4288 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдедегі N 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақта "мүлікті" деген сөздің алдынан "ақша қаражаттарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      13-тармақта "Маман" деген сөз "ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында маман" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақта "жария етуге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;

       мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Ақша қаражаттарын қоспағанда мүлікті жария ету жағдайында маман құжаттарды қарау нәтижесі бойынша төмендегі екі ұсыныстың бірін қабылдайды:
      1) өтінішті қабылдау туралы; 
      өтінішті қайтару туралы."

      18-тармақта:
      "Комиссия" деген сөзден кейін "/маман (ақша қаражаттарын жария ету жағдайында)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "16-тармағында" деген сөз "16 және 16-1 тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша "(ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында)" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте хатта жария етуге ұсынылған мүліктің түрі туралы мәліметтер болмауы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Салық органдарында мүлікті жария ету туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі жария етуге ұсынылған құжаттардың салық органына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы керек.".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н.Қ.Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі