"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4386

Қолданыстағы

      Жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы"» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3269 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
      "050718" коды:
      "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, электр энергетикасы" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
      "электр энергетикасы" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "050719" коды:
      "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, радиотехника, электроника және телекоммуникация" білім беру бейінінде мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
      "телекоммуникация" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "050732"» коды:
      "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, стандарттау, метрология және сертификаттау" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
      "сертификаттау" деген сөзден кейін»"(жалпы орта білім беру базасында)"»деген сөздермен толықтырылсын.

      2.   Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) мен Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты барлық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Х.М.Өтеулинаға жүктелсін.

      Министр