Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778
қаулысымен
бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы»4 қыркүйектегі
N 240 бұйрығымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актіге
анықтама-негіздеменің нысаны
______________________________________________________________ (нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы )
-анықтама-негіздеме
|
|
Мемлекеттік органның
|
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) |
|
3. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
|
4. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер |
|
5. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
|
6. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме |
|
7. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет |
|
______________________ _________________ _____________________
(заң қызметі басшысының не (қолы) (тегі және аты-жөні)
нормативтік құқықтық актіні
мемлекеттік тіркеуге
ұсынатын органның бірінші
басшысының лауазымы