"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілердің енуінен немесе таралуынан қорғау жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасының орынбасары -
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры
31.08.2006 жыл
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау
комитетінің төрағасы
25.08.2006 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы 18 шілдедегі
N 465 бұйрығымен бекітілген
Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған
өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі ереже
Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі осы ереже "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуынан қорғау мақсатында әзірленген.
1. Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге (оның транзитіне) тыйым салынады.
2. Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында, әкелінетін карантинге жатқызылған өнім (жүктер) кіргізу пункттерінде немесе тағайындалған кедендік органдарда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен кедендік ресімдеуге дейін тексерілуге және сарапталуға жатады. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік тексеру және сараптама қысқа мерзімде жүргізіледі және үш тәуліктен аспауы тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізетін шекаралық пункттерде карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) тексеру және сараптама кезінде карантиндік объектілер анықталған жағдайда өнім экспортшы елге қайтаруға, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатады.
4. Карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) қайтару, залалсыздандыру немесе қайта өңдеу жөніндегі шешімді облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен келісу бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор қабылдайды.
Cонымен бірге өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор қажетті карантиндік шаралар жүргізу туралы нұсқау береді және жүк иелері 10 күннен кешіктірмей тиісті карантиндік шаралар қолданады.
5. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді белгілі бір себептермен жеткізушіге қайтару мүмкін болмаса, ал залалсыздандыру немесе қайта өңдеу карантиндік объектілерді толық жоюға кепіл болмаса және олардың ену және таралу қаупі төнсе, мұндай өнім алынып жойылады.
6. Карантинге жатқызылған өнімді алуға және жоюға байланысты мәселелерді карантиндік, шекаралық және кедендік қызмет орындары өкілдерінің бірлескен бұйрығымен құрылған Тұрақты комиссия осы өнімді тікелей тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ресми қорытындысының негізінде шешеді.
7. Комиссияны өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы басқарады. Оның мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия жұмысына ғылыми қызметкерлер, өсімдіктер карантині саласындағы мамандар және тәуелсіз сарапшылар қатыстырылуы мүмкін.
8. Өнімнің (жүктің) иесі табылмаса немесе карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартса, карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) тасып шығаруға, қайта өңдеуге немесе жоюға байланысты мәселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары шешеді.
2. Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) алу мен жоюдың тәртібі
9. Карантинге жатқызылған өнімде (жүктерде) карантиндік объектілер табылған сәттен 10 күннен кешіктірілмей берілген карантиндік объектілердің болуына соңғы қорытындының нәтижелері бойынша карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді қайтару, залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда Комиссия бұл өнімді алу және жою туралы, қосымшаға сәйкес, тиісті Акт (бұдан әрі - Акт) жасайды.
Актіге міндетті түрде өнімді тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың қорытындысы, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік лаборатория берген фитосанитарлық куәлік қоса беріледі.
10. Қабылданған шешімнің негізінде Комиссия залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақтығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады және ол жойылғанға дейін оны жою тәртібін әзірлеп оның иесін таныстырады да жойылатын орны мен жою тәсілін анықтайды.
11. Комиссия шешімімен карантинге жатқызылған өнім (жүк) жоюға дайындалады, бұл іс-шараларға тиісті қызмет орындары қатыстырылады.
12. Карантиндік объектілердің таралып кетуіне және карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) ұрлау мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында сақтау, уақытша сақтау қоймаларында немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары белгілеген арнайы орындарда, кеден қызмет орындарының органдарымен келісу бойынша жүргізілуі тиіс.
13. Карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) жоюды, тиісті қызмет орындарының және өнім (жүк) иесінің қатысуымен Комиссия жүргізеді.
14. Карантинге жатқызылған өнімді (жүкті) жою фактісі Комиссияның барлық мүшелерінің және жүк иесінің қолдары қойылатын, осы ереженің қосымшадағы нысанға сәйкес жасалған Актісімен рәсімделеді.
15. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) сақтауға, тасымалдауға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнімнің иелерінің қаражаты есебінен, ал олар болмағанда - егер тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Карантиндік объектілермен залалданған,
залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге
келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
(жүктерді) алу және жою жөніндегі ережеге
Қосымша
Карантиндік объектілермен залалданған
карантинге жатқызылған өнімді
алу және жою туралы
АКТ
Акт жасалған орын акт жасалған күн
Комиссия мына құрамда____________________________________________
__________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
алуды және жоюды жүргізді.
__________________________________________________________________
(өнімнің (жүктің) атауы, мөлшері)
__________________________________________________________________
өнім (жүк) иесінің атауы, аты-жөні)
__________________________________________________________________
(жоюдың әдісі және орны көрсетіледі)
Негіздемесі_______________________________________________________
Қайсы құжаттың негізінде өнім (жүк) алынғанын және жойылғанын (құжат нөмірін) көрсету қажет
__________________________________________________________________
Комиссия
мүшелерінің қолдары: _______________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
200___ жылғы "___"_________
Өнім (жүк) иесінің қолы: ___________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
200___ жылғы"___"___________