"Кеден құжаттарының электрондық көшірмелерінің құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы 2003 жылдың 22 мамырдағы N 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 252 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4327

Қолданыстағы

      Ескерту. Күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Кедендік құжаттар бойынша бірыңғай ақпараттық базалардың толықтығын қамтамасыз ету және егжей-тегжейлігін арттыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының "Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің құрылымын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2309 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 16 тамызда N 331 (138) жарияланған, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы  N 537 , Қаржы вице-министрі  Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 маусымындағы  N 243 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) 2003 жылғы 22 мамырдағы N 232  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына А.Е. Мамбеталинге жүктелсін;";

      аталған бұйрықпен бекітілген жеткізуді бақылау құжаттарын электрондық көшірмесінің құрылымында:
      "DOBLnn.DBF NN-01, 02, 03" деректер базасында:
      "Жиектің аты" 1-бағандағы G 313 жиегінде:
      2-бағандағы "Түрі" "N" деген символ "C" деген символмен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы (Н.С. Омаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С. Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

       Төраға