"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазан N 1105 қаулысы 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз P040001237
1. Қоса беріліп отырған:
I, II, III дәрежелі "Шахтер даңқы" белгісімен марапаттау тәртібі туралы нұсқаулық;
I, II, III дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен марапаттау тәртібі туралы нұсқаулық;
"Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері" атағын беру тәртібі туралы нұсқаулық;
Ведомстволық омырауға тағатын белгілердің сипаттамасы мен бейнесі;
Куәліктердің үлгілері;
Марапаттау қағазының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, өз қызметін министрлік жетекшілік ететін салаларда жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ресми жарияланған күнінен бастап он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
ШАХТЕР ДАҢҚЫ»БЕЛГІСІМЕН
марапаттау тәртібі туралы нұсқаулық
1.»"Шахтер даңқы" белгісінің үш дәрежесі бар, олардың біріншісі жоғары болып табылады. III дәрежелі белгісімен, II дәрежелі белгісімен, I дәрежелі белгісімен марапаттау қағида бойынша ретімен жүргізіледі.
2.»"Шахтер даңқы"»белгісімен көмір өнеркәсібі мен шахта құрылысы қызметкерлерінің мына санаттары мінсіз жұмысы және еңбек сіңірген жылдары үшін:
жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан көмір, құрғатым шахталары мен разрездерінде жер асты және ашық жұмыстарда тұрақты айналысқан жұмысшылар, басшылар мен мамандар үздіксіз жұмыс өтілі:
«"Шахтер даңқы"»белгісімен марапаттау үшін көмір өнеркәсібі мен шахта құрылысы жұмысшыларының:
III дәрежелі»"Шахтер даңқы" белгісімен марапаттау үшін 5 жылдан кем емес,
II дәрежелі»"Шахтер даңқы" белгісімен марапаттау үшін 8 жылдан кем емес,
I дәрежелі»"Шахтер даңқы" белгісімен марапаттау үшін 10 жылдан кем емес үздіксіз еңбек өтілі болуға тиісті.
Көрсетілген, жер асты жұмыстарында 15 және одан да көп жыл жұмыс істеген және тек қана III дәрежелі»"Шахтер даңқы" белгісімен марапатталған қызметкерлер келесі II және I дәрежелермен кемінде екі жыл өткеннен кейін марапатталуы мүмкін.
Көмір өнеркәсібі мен шахта құрылыстары кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін саланың басқа қызметкерлері:
III дәрежелі»"Шахтер даңқы"» белгісімен 10 жылдан кем емес,
II дәрежелі»"Шахтер даңқы"»белгісімен 15 жылдан кем емес,
I дәрежелі»"Шахтер даңқы"»белгісімен 20 жылдан кем емес үздіксіз жұмыс өтілімен марапаттала алады.
3. Жекелеген қызметкерлер жаңа техника мен технологияны
жасаудағы, енгізу мен игерудегі, еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың
прогрессивті нысандарын енгізу мен басқарудағы айрықша жетістіктері үшін, апаттарды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамашылығы үшін жұмыс өтілі есепке алынбай-ақ»"Шахтер даңқы"»белгісімен марапаттала алады.
4. Белсенді ынтымақтастығы мен көмір өнеркәсібін дамытуға
жәрдемдескені үшін басқа салалардың қызметкерлері, шетелдік мамандар»"Шахтер даңқы"»белгісімен марапаттала алады.
5.»"Шахтер даңқы"»белгісімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп жүргізеді.
Марапаттау туралы ұсынысты әкімшілік пен кәсіподақ комитеті енгізеді.
6. "Шахтер даңқы" белгісімен марапатталған адамдарға омырауға тағатын белгі, "Шахтер даңқы"»атағын беру туралы куәлік, естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы) тапсырылады, бұдан басқа марапатталушы санаторийге, демалыс үйіне жолдамамен қосымша көтермеленуі мүмкін.
Барлық үш дәрежелі белгілермен марапатталғандарға, марапатталу уақытына қарамастан әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің ұсынуы бойынша ұйым қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақының 15% мөлшерінде үстемақы белгіленуі мүмкін.
Естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы), санаторийге, демалыс үйіне жолдамалар сатып алуға байланысты барлық шығындар ұйымның
шешімімен анықталады және осы мақсаттарға көзделген орталықтандырылған қордан төленеді.
7. Осы наградамен үйлеспейтін теріс қылықтар жасағаны үшін
"Шахтер даңқы"»белгісінен айыруды ұйымнан келіп түскен өтініш
негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
1, 2, 3 дәрежелi "Шахтер даңқы"
омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасы
Белгi қалыбы және салпыншағы бар жетонды бiлдiредi.
Қалып тiкбұрыш түрiнде. Көк алаңда біp бiрiне көлбеу ақ және қызыл түстi жолақтар орналасқан.
Салпыншақ екi бөлiктен тұрады: периметрi бойынша әшекейленген бес бұрыш түрiндегi негiздеме. Орталық бөлiгiнде айқасқан кен балғасы, төменде кедiр-бұдырлы "Шахтер даңқы" деген жазуы бар ақ лента орналасқан. Салпыншақтың төменгi бөлiгiнде награданың дәрережесiн бiлдiретiн рим цифрлы сопақша орналасқан.
Салпыншақтағы жапсырма қырлары бар бедерлi бес бұрышты нысанда жасалған.
Қалып пен салпыншақ бір-бірімен өткізгіш пен шығыршықтың көмегімен қосылады. 3 дәрежелі белгі даярланады.
1-дәрежелі белгі. Ленталармен айқасқан көк сызықты қалып. Лента кең, жолағы бар ақ түсті, ортасынан енсіз қызыл жолақ өтеді. Оң жақ лента төменгі бөлігіне сол жақ үстінен келеді.
Негiздеме мен жапсырма алтын түстi, металдан жасалады. Негiзi алтын түсті. Қырлары бар бес бұрышты жұлдыз ашық қызыл эмальмен боялған. Салпыншақта "1" деген рим цифры орналасқан.
Қалып пен негiздеме алтын түсті металдан жасалады.
2-дәрежелi белгi. Ленталармен айқасқан көк сызықты қалып. Лента кең, ақ түстi, шеттерiне екi енсiз қызыл жолақ орналасқан. Оң жақ лента төменгi бөлiгiне сол жақ үстiнен келедi.
Қаракөк фонды күмiс түстiң негiздемесi. Бедерлi бес бұрышты жұлдыз алтын түстi металдан жасалған. Салпыншақта "2" рим цифры орналасқан.
3-дәрежелi белгi. Айқасқан ленталары бар көк түстi қалып. Лента кең, қызыл түстi, оның ортасында екi енсiз ақ жолақ орналасқан. Оң жақ лента төменгi бөлiгiне сол жақ үстiнен келедi.
Негiздеме мен жапсырма күмiс түстi металдан жасалады. Қара фоны бар күмiс түстiң негiздемесi. Бедерлi бес бұрышты жұлдыз күмiс түстi металдан жасалады. Салпыншақтағы сопақшада "3" деген рим цифры орналасқан.
Салпыншақ өткiзгiш пен шығыршықтың көмегiмен қалыппен қосылады.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Шахтер даңқы" 1 дәрежелі
(Белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Шахтер даңқы" 2 дәрежелі
(Белгінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Шахтер даңқы" 3 дәрежелі
(Белгінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
"ЕҢБЕК ДАҢҚЫ"»ОМЫРАУҒА ТАҒАТЫН БЕЛГІСІМЕН
марапаттау тәртібі туралы нұсқаулық
1.»"Еңбек даңқы"»белгісінің үш дәрежесі бар, олардың біріншісі жоғары болып табылады. III дәрежелі белгісімен, II дәрежелі белгісімен, I дәрежелі белгісімен марапаттау қағида бойынша ретімен жүргізіледі.
2.«"Еңбек даңқы"»белгісімен көмір өнеркәсібі ұйымдарының алдыңғы қатарлы жұмысшылары, мамандары мен қызметшілері мінсіз адал еңбегі үшін марапатталады.
«"Еңбек даңқы" белгісімен марапаттау үшін көмір өнеркәсібі ұйымдары жұмысшыларының, мамандары мен қызметшілерінің үздіксіз жұмыс өтілі:
- III дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен марапаттау үшін 10 жылдан кем емес,
- II дәрежелі белгісімен марапаттау үшін 15 жылдан кем емес,
- I дәрежелі белгісімен марапаттау үшін 20 жылдан кем болмауы тиіс.
Көмір өнеркәсібінің жекелеген қызметкерлері»"Еңбек даңқы"» белгісімен еңбекте қол жеткізген айрықша жетістіктері үшін еңбек өтілі есепке алынбастан марапатталуы мүмкін.
Келесі дәрежемен (II және I) марапаттау кемінде 3 жылдан кейін жүргізіледі.
3.»"Еңбек даңқы" белгісімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы жүргізеді. Марапаттау туралы өтінішті әкімшілік пен кәсіподақ комитеті ұсынады.
4. "Еңбек даңқы"»белгісімен марапатталған адамдарға омырауға тағатын белгі,"Еңбек даңқы"»белгісімен марапаттау туралы куәлік және естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы) тапсырылады, бұдан басқа марапатталушы санаторийге, демалыс үйіне қосымша жолдамамен көтермеленуі мүмкін. Барлық үш дәрежелі белгілермен марапатталғандарға әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің ұсынуы бойынша тағайындалған зейнетақының 10 % мөлшерінде ұйым қаражаты есебінен үстеме белгіленуі мүмкін.
Естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы), санаторийге, демалыс үйіне жолдамалар сатып алуға байланысты шығындар ұйымның шешімімен анықталады және осы мақсаттарға көзделген орталықтандырылған қордан төленеді.
5. Осы наградамен үйлеспейтін теріс қылықтар жасағаны үшін» "Еңбек даңқы" белгісінен айыруды ұйымнан келіп түскен өтініш негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
1, 2, 3 дәрежелi "Еңбек даңқы"
омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасы
Белгi қалыбы және салпыншағы бар жетонды бiлдiредi.
Қалып жасыл түстi фонға жазылған "Көмiр өнеркәсiбi" деген жазумен тiкбұрыш нысанда, қалыптың төменгi бөлiгiнде лавр гүлтәжi орналасқан.
Салпыншақ екi бөлiктен тұрады: негiзi "Еңбек даңқы" деген жазуы бар салпыншақтың жоғарғы бөлiгiнде қызыл түстi лентасы бар қисық нысан. Салпыншақтың төменгi бөлiгiнде қызыл түстi және награданың дәрежесiн бiлдiретiн цифры бар сопақша ленталар орналасқан. Жапсырманың ортасынан металл сәулелер шығады.
Салпыншақтағы жапсырма қырлары бар бедерлі бес бұрышты жұлдыздар түрінде жасалған. Жұлдыздың астында крест кен балғасына кесе-көлденең орналасқан.
Қалып пен салпыншақ бiр бiрiмен өткiзгiш және шығыршықтың көмегімен қосылады. 3 дәрежелі белгі даярланады.
1-дәрежелі белгі. Қалып, негіздеме және жапсырма алтын түсті металдан жасалады. Кен балғасы бар бес бұрышты жұлдыз ашық қызыл эмальмен боялған. Салпыншақта "1" деген цифр орналасқан.
2-дәрежелi белгi. Қалып пен негiздеме алтын түстi металдан жасалады. Салпыншақта "2" деген цифр орналасқан. Жапсырма (кен балғасымен айқасқан бес бұрышты жұлдыз) күмiс түстi металдан жасалған.
3-дәрежелi белгi. Қалып пен негiздеме күмiс түстi металдан жасалады. Салпыншақта "3" деген цифр орналасқан. Жапсырма (кен балғасымен айқасқан бес бұрышты жұлдыз) алтын түстi металдан жасалған.
Салпыншақ өткiзгiш пен шығыршықтың көмегiмен қалыппен қосылады.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Еңбек даңқы" 1 дәрежелі
(Белгінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Еңбек даңқы" 2 дәрежелі
(Белгінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Еңбек даңқы" 3 дәрежелі
(Белгінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
"КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"»АТАҒЫН
беру туралы нұсқаулық
1. «"Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері"»атағы шахта, разрездер, байыту (брикет) фабрикалары, құрылыс, зауыттар, институттар және көлік ұйымдарының еңбеккерлеріне, ұзақ жылғы адал еңбегі және жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және көмір өнеркәсібінде 20 жылдан кем емес жұмыс істегендерге беріледі.
2.»"Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері"»атағын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы береді. Атақты беру туралы өтінішті әкімшілік пен кәсіподақ комитеті береді.
3."Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері" атағы берілген
адамдарға омырауға тағатын белгі "Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері"»атағын беру туралы куәлік, естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы) тапсырылады. Бұдан басқа марапатталушы санаторийге, демалыс үйіне жолдамамен қосымша көтермеленуі мүмкін, сондай-ақ әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің ұсынуы бойынша ұйымның қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақысының 20% мөлшерінде үстеме белгіленуі мүмкін.
Естелік сыйлық (ақшалай сыйлықақы), санаторийге, демалыс үйіне жолдамалар сатып алуға байланысты шығындар ұйымның шешімімен анықталады және осы мақсаттарға көзделген орталықтандырылған қордан төленеді.
4."Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері" атағынан айыруды ұйымнан түскен өтініш негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
"Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері"
омырауға тағатын белгісіне сипаттама
Белгi қалыбы және салпыншағы бар жетонды бiлдiредi.
"Құрметті қызметкер" деген жазу жазылған қызыл түсті лентасы бар жарты шеңбер түріндегі қалып, қалыптың төменгi бөлiгiнде орақ-балға, ал оның астында лавр гүлтәжi орналасқан. Металдың түсі - алтын.
Салпыншақ екi бөлiктен тұрады: негiзi - лавр гүлтәжi бар шеңбер. Негізгі түсі - ескі күміс. Бастырма "көмір өнеркәсібі" деген жазу жазылған жасыл түсті лентасы бар металл жұлдыз түрінде жасалған. Жұлдыздың жоғары бөлігінде айқасқан кен балғасы бейнеленген. Металдың түсі - алтын.
Қалыптың сыртқы бетінде бекіткіш цанга немесе түйреуіш орналасқан.
Қалып пен салпыншақ бір бірімен өткізгіш пен шығыршықтың көмегімен қосылады.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Белгісі
"Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері"
(Белгінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Куәлік N ____ Удостоверение N ____
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
III ДӘРЕЖЕЛІ "ШАХТЕР ДАҢҚЫ" Награжден знаком
Белгісімен наградталды "ШАХТЕРСКАЯ СЛАВА" III СТЕПЕНИ
Қазақстан Республикасы Приказом Министра энергетики и
Энергетика және минералдық минеральных ресурсов Республики
ресурстар Министрінің Казахстан
200_жылғы«"__" ________дегі от "__" ________ 200__г.
N ______ бұйрығымен N ______
Министр __________
Куәлік N ____ Удостоверение N ____
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
III ДӘРЕЖЕЛІ "ЕҢБЕК ДАҢҚЫ" Награжден знаком
Белгісімен наградталды "ТРУДОВАЯ СЛАВА" III СТЕПЕНИ
Қазақстан Республикасы Приказом Министра энергетики и
Энергетика және минералдық минеральных ресурсов Республики
ресурстар Министрінің Казахстан
200_жылғы«"__" ________дегі от "__" ________ 200__г.
N ______ бұйрығымен N ______
Министр __________
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
мідетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілді
Куәлік N ____ Удостоверение N ____
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
"КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ Присвоено звание
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" "ПОЧЕТНЫЙ РАБОТНИК
Атағы берілді УГОЛЬНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ"
Қазақстан Республикасы Приказом Министра энергетики и
Энергетика және минералдық минеральных ресурсов Республики
Ресурстар Министрінің Казахстан
200_жылғы« "__" ________дегі от "__" ________ 200__г.
N ______ бұйрығымен N ______
Министр _______________
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
мідетін атқарушының
2006 жылғы»18 шілдедегі
N 198 бұйрығымен бекітілген
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________
____________________________________________________________
2. Туған жылы (күні, айы) __________________________________
3. Кәсібі (лауазымы) _______________________________________
4. Жұмыс орны_______________________________________________
____________________________________________________________
5. Көмір өнеркәсібіндегі жұмыс өтілі________________________
6. Осы ұйымдағы жұмыс өтілі________ ________________________
7. Бұрын алған ведомстволық наградалары (марапатталған күні)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
8. Мекен-жайы_______________________________________________
____________________________________________________________
Қызметкерді марапаттауға ұсыну үшін негіз болған өндірістік
жеістіктері мен қызметіне қысқаша сипаттама_________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Мараптталуға ұсынылады (қандай марапатқа)___________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Еңбек қызметінің басынан бергі атқарған жұмысы
Жылы | Кәсібі (лауазымы) көрсетіледі |
|
---|---|---|
келген | кеткен | |
Қолы мен мөрі _____________________________________
(Кадр бөлімінің бастығы)
Қолы
мен мөрі Ұйым басшысы __________________________
Кәсіподақ комитетінің
төрағасы________________ ________________
______________________________
марапаттау парағының толтырылған күні