Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 125 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4272

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  49-бабына  және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3194 тіркелген, 2005 жылы "Юридическая газета" N 190-191 газетінде жарияланған), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 388  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3944 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      3-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);";

      мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;";

      қосымшада:
      "20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша _______________________________________ (инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы) пруденциалдық нормативтің есебі" кестесінде:

      1-жолда "1.2" деген цифрлар "1.5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

100

 

1.4

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша

 

100

 

1.5

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша

 

100

 

      мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын:

2-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100

 

      мынадай мазмұндағы 12-2-жолмен толықтырылсын:

12-2.

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары

 

100

 

     "20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша _______________________________________ (инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы) пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8016, 8017, 8018, 8019-жолдармен толықтырылсын: 

8016

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша

  

8017

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

  

8018

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша  

  

8019

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша

  

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға