Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысымен бекiтiлген Балық аулау ережелерiнiң 11 пунктiне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма нысаны бекiтiлсiн.
2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Төраға орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсiн.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
Төрағасының
2006 жылғы 15 мамырдағы
N 16-6/72п бұйрығымен
бекітілген
Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына
жапсырма нысаны
Облыс_____________________________________________ Балық шаруашылығы ұйымы___________________________ Балық шаруашылғы (учаскесі)_______________________ Аулау құралы______________ (____________________) |
Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткізбейтін материалдардан жасалынады.