Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 38 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4268

Жаңартылған

      Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Банктердің ең төменгі резервтік талаптарын айқындаудың бірінші кезеңі осы қаулы қолданысқа енгізілген аптадан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталатыны белгіленсін.
      4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің  күші жойылды  деп танылсын.
      5. Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 38 қаулысымен бекітілген

  Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын белгілеу тәртібін, ең төменгі резервтік талаптарды орындау талаптарын және оларды резервтеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банктің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы көлемін және ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуын бақылау тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Ең төменгі резервтік талаптар.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері.
Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін
қолданатын міндеттемелерінің құрылымы

      1. Ең төменгі резервтік талаптар - бұл банктің банк өз кассасында қолма-қол ұлттық және еркін айырбасталатын валюталар түрінде ұстайтын міндеттемелері және Ұлттық Банктің корреспонденттік шоттарында ұлттық және еркін айналыстағы валюталардағы ақшасы (резервтік активтер) сомасының міндетті үлесі.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Ең төменгі резервтік талаптарды айқындау үшін әрбір банк үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері қолданылады.

      3. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері - бұл тізбесі осы Ережеде белгіленген міндеттемелердің сомасынан пайызбен көрсетілген үлес.

      4. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (бұдан әрі - резервтік міндеттемелер) банктің ішкі және өзге міндеттемелері құрайды.

      5. Банктің ішкі міндеттемелері - бұл банктің тізбесі осы Ереженің  1-қосымшасында  айқындалған баланстық шоттар бойынша резиденттер алдындағы міндеттемелері.

      6. Банктің өзге міндеттемелеріне:
      1) банктің тізбесі осы Ереженің  2-қосымшасында  айқындалған баланстық шоттар бойынша резидент еместер алдындағы міндеттемелері;
      2) банктің тізбесі осы Ереженің  3-қосымшасында  айқындалған баланстық шоттар бойынша міндеттемелері кіреді.

      7. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен ішкі және өзге міндеттемелер бойынша жеке белгіленеді.

      8. Банк белгілі бір күнге ең төменгі резервтік талаптарды ішкі міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі ішкі міндеттемелердің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін резервтік талаптардың және өзге міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін банктің белгілі бір күнге өзге міндеттерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін өзге міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың сомасы ретінде есептейді.

      9. Банк резервтік талаптарды есептеген кезде негізгі борыш, сыйақы және олар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша міндеттемелердің сомасы есепке алынады.

      10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1972 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 274  қаулысына  сәйкес баланстық шоттардағы қалдықтар туралы ақпаратты (бұдан әрі - Ақпарат) электрондық тасымалдағышпен Ұлттық Банкке ұсынады.

      11. Ақпаратты:
      1) филиалының саны оннан аспайтын банктер, күн сайын (бұдан әрі - күн сайынғы ақпарат) - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей; ай сайын (бұдан әрі - ай сайынғы ақпарат) - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) он және одан көп филиалы бар банктер күн сайынғы ақпаратты - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайынғы ақпаратты - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

  2-тарау. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін орындау және оны резервтеу тәртібі

       Ескерту. 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Банк ақшаны резервтік активтерге резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа алынған мөлшері ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналастырады.

      13. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.

      14. Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңі он төрт күнді құрайды және аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеудің он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісінде аяқталады.

  3-тарау. Ең төменгі резервтік талаптардың
орындалуын бақылау

      15. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың орындалуын бақылау олардың осы Ереженің  4-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.

      16. Банк банктің бірінші басшысы не оның орнындағы тұлға және бас бухгалтері қол қойған, банктің мөрімен куәландырылған ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қағазға басып банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есептік кезеңінің соңғы күнінен кейінгі бесінші күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банк талаптар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің бұзылу фактісі және себептері туралы хабарлайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін бірнеше рет (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда Ұлттық Банк нормативтерінің бұзылу себептерін белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкке шектелген әсер ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкке шектеулі әсер ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      20. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                              Ең төменгі резервтік
                                             талаптар туралы ережеге
                                                     1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                   Банктің ішкі міндеттемелері  

Баланстық шот

Көрсеткіштің атауы

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары 

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қысқа мерзімді заемдар 

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған ұзақ мерзімді заемдар 

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар  

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі 

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек 

2201

Республикалық бюджеттің ақшасы

2202

Жергілікті бюджеттің ақшасы

2203

Клиенттердің ағымдағы шоттары

2204

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2206

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2207

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2208

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер

2211

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары

2212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2213

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдармен
мерзімді салымдары

2217

Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары

2219

Клиенттердің шартты салымдары

2221

Клиенттердің карт-шоттары

2223

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып
табылатын салым

2224

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2227

Алынған қаржы лизингі

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2230

Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамаға сәйкес жіберушінің нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар   

2717

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердің карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2745

Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да бойынша мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опция операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа да операциялар операциялары бойынша міндеттемелер

                                         Ең төменгі резервтік
                                        талаптар туралы ережеге
                                                2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Банктің резидент еместер алдындағы өзге міндеттемелері  

Баланстық шот

Көрсеткіштің атауы

2012

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары

2013

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2016

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2022

Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары

2023

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

2024

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары мерзімі өткен берешегі

2044

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар

2046

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар

2048

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек

2052

Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингі

2058

Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар 

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар  

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі 

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек 

2122

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары

2123

Басқа банктердің қысқа мерзімі салымдары (бір айға дейінгі)

2124

Басқа банктердің қысқа мерзімі салымдары (бір жылға дейінгі)

2125

Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар

2126

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдармен
мерзімді салымдары

2127

Басқа банктердің ұзақ мерзімі салымдары

2130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2133

Басқа банктердің шартты салымдары

2135

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2138

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2203

Клиенттердің ағымдағы шоттары

2204

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2206

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2207

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2208

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық
активтер

2211

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары

2212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2213

Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық
кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдармен
мерзімді салымдары

2217

Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары

2219

Клиенттердің шартты салымдары

2221

Клиенттердің карт-шоттары

2222

Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары

2223

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2227

Алынған қаржы лизингі

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2230

Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамаға сәйкес жіберушінің нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2551

Клиенттермен есеп айырысу

2552

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2701

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2702

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар 

2708

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2722

Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердің карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2745

Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да бойынша мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опция операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа да операциялар операциялары бойынша міндеттемелер

                                              Ең төменгі резервтік
                                             талаптар туралы ережеге
                                                     3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101  (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                    Банктің өзге міндеттемелері

Баланстық шот

Көрсеткіштің атауы

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

                                               Ең төменгі резервтік
                                             талаптар туралы ережеге
                                                     4-қосымша
          _______________________________________________
                       (банктің атауы)
            Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін
                       орындауы туралы ақпарат  

Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінің күні

Ішкі міндеттемелер

Ішкі міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар 
(2*n1)

Сыртқы міндеттемелер

Сыртқы міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар 
(4*n2)

Ең төменгі резервтік талаптар 
(3+5)

1

2

3

4

5

6

  

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің күні

Резервтік активтер

Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы ақша қалдығы

Қолма-қол теңге

Резервтік активтердің жиынтығы

теңгедегі

еркін айналатын шетел валютасындағы

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

n1 - ішкі міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n2 - сыртқы міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі.

Кестені толтыруға арналған түсінік:
2-6, 8-11-бағандағы мәндер тұтас мың теңгемен көрсетіледі;
2-6, 8-11-бағандағы 500 тең. және одан аз мәндер нөлге дейін дөңгелектенеді, 500 көп мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.

Бірінші басшы __________________________
                (күні, қолы, аты-жөні)
Бас бухгалтер  _________________________
                (күні, қолы, аты-жөні)
Мөр орны

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы 
N 38 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды 
деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 21 қазан - 3 қарашада жарияланған.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы N 173  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3717 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің "Қаржы Хабаршысы" және "Финансовый Вестник" ресми басылымдарының N 7 жарияланған.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 146  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 20 желтоқсанда N 3978 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1 - 15 желтоқсанда жарияланған.