"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызмет етуінің айқындылық пен тиімділік дәрежесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3329 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы қараша, N 20, 186-құжат), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде:
1-қосымшада 11.2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 11.2-1, 11.2-2-жолдармен толықтырылсын:
11.2-1 |
Саудаға арналған бағалы қағаздар құнының өзгеруінен кірістер (шығындар) |
||||
11.2-2 |
Тазартылған қымбат металдардың өзгеруінен кірістер |
2-қосымшада "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар" деген кестеден кейін мынадай мазмұндағы кестемен толықтырылсын:
"4. Шартты талаптар/міндеттемелер"
N |
Баптың атауы |
Базалық актив |
Ұлттық бірегейлендіру номері |
Мәмілені жасау күніне ағымдағы құны |
Есепті күнге ағымдағы құны |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Шартты талаптар |
|||||
Қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша шартты талаптар |
|||||
Сатып алынған опциондық келісім-шарттар - "колл" |
|||||
Сатып алынған опциондық келісім-шарттар - "пут" |
|||||
Бекітілген проценттік своп |
|||||
Құбылмалы проценттік своп |
|||||
Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты талаптар |
|||||
Сатылған опциондық келісім-шарттар - "пут" - қарсышот |
|||||
Сатылған опциондық келісім-шарттар - "колл" - қарсышот |
|||||
Басқа шартты талаптар |
|||||
Шартты міндеттемелер |
|||||
Қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша шартты міндеттемелер |
|||||
Сатып алынған опциондық келісім-шарттар - "колл" - қарсышот |
|||||
Сатып алынған опциондық келісім-шарттар - "пут" - қарсышот |
|||||
Құбылмалы проценттік своп |
|||||
Бекітілген проценттік своп |
|||||
Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелер |
|||||
Сатылған опциондық келісім-шарттар - "пут" |
|||||
Сатылған опциондық келісім-шарттар - "колл" |
|||||
Басқа шартты міндеттемелер |
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғаларға бірлестігіне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға