2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4229

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің  ережесіне  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларының жалпы санының дұрыс жауаптары 50 %-ға тең, қалған барлық даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 35 %-ға тең шекті деңгей бекітілсін.

      2. 25 % және одан астам мамандықтар бойынша мемлекеттік аралық бақылаудың шекті деңгейінен өтпеген білім алушылардың саны 7 % болған жағдайда жоғары оқу орны кезектен тыс мемлекеттік аттестатталуға жатады деп белгіленсін.

      3. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3663 болып тіркелген, 2005 жылғы 15 қыркүйектегі "Заң газетінің" 169 нөмірінде жарияланған "2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 341  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.

      4. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы Б.С.Әбдірәсіловке жүктелсін.

       Министр