Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы осы нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
46-бабының
8-тармағына және
47-бабының
3-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған сақтандыру резервтерінің құрылымын және сақтандыру резервтерін есептеу, соның ішінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.";
11-тармақтағы "ерікті және міндетті медициналық сақтандырудың кластары бойынша" деген сөздер "ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "жинақталған статистикасын ескере отырып," деген сөздерден кейін "ОМШР-дің есебі осы Нұсқаулықтың 14-1-тармағына сәйкес жасалатын ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Ипотекалық сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР көлемі есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";
15-тармақта "Мәлімделген шағым-талап" деген сөздерден кейін "осы шағым-талап бойынша шығын мөлшерін көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта "әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша" деген сөздерден кейін ", сақтандыру ұйымы сақтандырылушының қайтыс болу тәуекелін өтемеген жағдайларда, сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру шарттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтағы "жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сыныбы бойынша және медициналық сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздер "жазатайым жағдайдан сақтандыру сыныбы бойынша және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-4-тармақ:
бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";
32-7-тармақта:
бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.