Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4201

Қолданыстағы

       "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  42-бабының 3-тармағына және»"Бағалы қағаздар рыногы туралы"» Қазақстан Республикасы  Заңының  24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының  1-қосымшасына  сәйкес Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысаны бекітілсін.
      2. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есеп пайларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті қарау туралы өтінішпен бірге Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада ұсынылады. 
      3. Егер инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін инвестициялық пай қорының пайлары орналастырылмаса, басқарушы компания Агенттікке осы қаулының  2-қосымшасына  сай нысанда инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау туралы хабарламаны ұсынады.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                         агенттігі Басқармасының
                                         2006 жылғы 25 наурыздағы  
                                         N 75 қаулысына 1-қосымша

             Инвестициялық пай қорының пайларын
             орналастыру қорытындылары жөніндегі
                            ЕСЕП

1. Инвестициялық пай қорының атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірі___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні____________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі
мен алынған күні ___________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу қызметін
жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырылуының
басталған және аяқталған күні*
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта уәкілетті органның инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіледі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны
____________________________________________________________________
3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны
___________________________________________________________________
10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
1) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының
жиынтық саны ______________________________________________________
___________________________________________________________________
3) есептің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы қордың кастодиан банкі берген инвестициялық пай қорының төлем құжаттарымен және оның жеке шотынан үзінді жазбалардың көшірмелерімен расталған есепті кезеңде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге келіп түскен ақша сомасы ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11. Әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік иелері туралы мәліметтер:

Заңды тұлға-
меншік иеле. рінің толық
атауы немесе
жеке тұлға-
меншік иеле.
рінің фамилиясы, аты, болса
әкесінің аты

Жеке тұлғаның
- пайдың мен.
шік иесінің
жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы және дерек.
темелері
және нақты
орналасқан
жерін көрсете
отырып, заңды
тұлға-меншік
иесін
мемлекеттік
тіркеу (қайта
тіркеу) күні

Меншік
иесінің
сатып алу күні және сатып алу күніне пай
құны

Есепті
кезеңде
пайларды
орналастыру кезінде
меншік иесі сатып
алған ин.
вестиция.
лық пай
қоры пай.
ларының
жалпы саны

Пай төлеміне
келіп түскен ақша сомасы

  

  

  

  

  

12. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол басқарушы компанияның мөрімен бекітіледі. Есептің әр данасы осы қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген төлем құжаттарының көшірмелерімен және есепті кезеңнің аяқталу күніне орналастырылған пайларды есепке алу бойынша инвестициялық пай қорының жеке шотынан тіркеушінің үзінді жазбасымен тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс. 
___________________________________________________________
      * орналастырудың есепті кезеңі:
      - бастапқы орналастыру кезінде: 
      орналастыру басталған күннен бастап үш ай (осы мерзім уәкілетті органның рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда - рұқсатта көрсетілген мерзімге); 
      инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру кезінде:
      - әрбір алты айдың қорытындылары бойынша ("Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабының  2-тармағына сәйкес).

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                         агенттігі Басқармасының
                                         2006 жылғы 25 наурыздағы
                                         N 75 қаулысына 2-қосымша

        "___________________________________________"
             (инвестициялық пай қорының атауы)

              Инвестициялық пай қорының пайларын 
             орналастырмау туралы хабарлама 

      200_ж "____"_________ бастап (есепті кезеңнің басталған күні)
200_ж. "____"_________ дейінгі кезеңде (есепті кезеңнің аяқталған күні) басқарушы компания _________________________________________
__________________________________________________________________
                 (басқарушы компанияның атауы)
инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмады. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының айналыстағы пайларының саны,________________________________________________________
      Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотынан есепті кезеңнің аяқталу күніне, инвестициялық пай қорының тіркеушісі берген үзінді жазбаның көшірмесі осы Хабарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Хабарламаға инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының мөрімен бекітіледі.