Арнайы қаржылық компанияның бөлінген активтері бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4190. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облигацияларды өтеуге дейінгі кезеңде арнайы қаржылық компания дербес өзі немесе басқарушы агентті тарта отырып бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді мынадай қаржы құралдарына:
      1) борыштық бағалы қағаздарға;
      2) акцияларға;
      3) туынды қаржы құралдарына;
      4) екінші деңгейдегі банктерге салымдарға инвестициялай алатындығы белгіленсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалу бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға