Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қызметіне жаңа жұмыс түрлерін енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркелген N 4182

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес, шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыруы шараларын оқып-үйрету, қарастыратын жұмыс нысандарын енгізу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын қарастыратын жұмыс нысандары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының басшылары:
      1) осы бұйрықпен бекітілген шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндіру және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын қарастыратын жұмыс нысандарын енгізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың орындалуы жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне жыл сайын 15 шілдеге және 15 қаңтарға дейін ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң  Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2006 жылғы 23 наурыздағы   
N 128 бұйрығымен бекітілген  

  Шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші
субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын
қарастыратын жұмыс нысандары

      1. Осы шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын қарастыратын жұмыс нысандары (бұдан әрі - Жұмыс нысандары) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына арналған.

      2. Жұмыс нысандары мыналарды қамтиды:
      1) субъектілерге үшін үнемі өткізілетін санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтау жөніндегі оқыту семинарларын ұйымдастыруды;
      2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандарын тарта отырып, бекітілген кестелер бойынша субъектілерге гигиена және эпидемиология бөлімдері бойынша консультация беруді ұйымдастыруды;
      3) оларда алдындағы тексерулердің барысында 12 ай бойы Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу анықталмаған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексеруге шектеу енгізуді;
      4) тексеруге шектеу енгізілген мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің тізбесін және Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу анықталған объектілердің тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды.

      3. 2-тармақта аталған жұмыс нысандары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының жылдық жұмыс жоспарында көрсетілуге тиіс.

      4. Жұмыс істейтін субъектілерге арналған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын сақтау жөніндегі семинарлар ай сайын өткізіледі.

      5. Тауарлар өндіру және қызметтер көрсету саласында өз қызметін бастап жатқан субъектілерге арналған консультациялар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандары өз құзыретінің шегінде аптасына кемінде 1 рет тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге шектеу енгізу және Өзіндік бақылау кәртішкесін беру мыналардың негізінде жүргізіледі:
      1) алдындағы тексерулердің барысында (12 ай бойы) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзудың анықталмауы;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап беретін өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
      3) 12 ай бойы жұқпалы аурулардың, тамақтан улану жағдайларының және объектінің қызметіне байланысты шағымдардың болмауы.

      7. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тексеруін шектеу үшін негіз болса, объектіге 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана Өзіндік бақылау кәртішкесі беріледі.
      Өзіндік бақылау кәртішкесін беру жылына 1 рет жоспарлы түрде объектіге тексеру жүргізуді тоқтатпайды.

      8. Өзіндік бақылау кәртішкесі мынадай негізде кері қайтарып алынады:
      1) объектінің қызметіне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы;
      2) осы Жұмыс нысандарының 7-тармағына сәйкес тексеру жүргізгенде объектіде жұқпалы аурулардың немесе уланулардың пайда болу және таралу қаупін туындататын санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бұзудың анықталуы;
      3) аумақтық, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тексерген кезде расталған, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан объектінің қызметіне негізделген шағымдардың болуы.

      9. Объектіге Өзіндік бақылау кәртішкесі осы Жұмыс нысандарының 7 және 8-тармақтарының негізінде бақылаудағы аумақтардың шегінде облыстың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен беріледі және кері қайтарып алынады.

      10. Жұмыс нысандарының енгізілуін бақылау мақсатында осы нысандарға 2-қосымшаға сәйкес мониторинг жүргізіледі.

                                    Қауіпсіз тауарлар өндірудің
                                  және қызметтер көрсетудің оқыту,
                                ынталандыру шараларын қарастыратын
                                    Жұмыс нысандарына 1-қосымша

                  Өзіндік бақылау кәртішкесі

      Облыстың (Астана және Алматы қалаларының, көліктегі) бас
мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2006 жылғы "____" _________ N __
бұйрығының негізінде ______________________________________________
___________________________________________________________________
           (шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы)
___________________________________________________________________
кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау органының тексеруін шектеуге берілген сәттен бастап 1
жылға Өзіндік бақылау кәртішкесі беріледі.

       Облыстың, Астана, Алматы
      қалаларының, көліктегі бас
      мемлекеттік санитарлық дәрігері

                                    Қауіпсіз тауарлар өндірудің
                                  және қызметтер көрсетудің оқыту,
                                ынталандыру шараларын қарастыратын
                                    Жұмыс нысандарына 2-қосымша

   Шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші
   субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және
       қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын
       қарастыратын жұмыс нысандарын енгізу мониторингі

 

Есепті кезең
ішінде

Барлығы
(өсімімен)

Өткізілген семинарлардың саны

 

 

Консультация алған жеке және заңды тұлғалардың саны

 

 

Бақылауда тұрған объектілердің саны

 

 

Олардың ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері

 

 

Өзіндік бақылау кәртішкесін алған шағын кәсіпкерлік субъектілердің және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің

 

 

Өзіндік бақылау кәртішкесі кері
қайтарып алынған шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық
жүргізуші субъектілердің саны (себебін көрсету керек)