Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жасайтын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3735 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
2-тармақ "жүзеге асыратын" деген сөздердiң алдынан "меншiктi активтерi есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.