Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 42 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4154

Қолданыстағы

      Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін. 

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1623 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1623 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3195 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
      1) заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы     
N 42 қаулысымен бекітілген  

Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ
банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың
аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына
кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және
банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік
конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу
шараларын қолдану ережесі

      Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ", " Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ипотекалық ұйымдарды қоса отырып, екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықты, банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қаржы қауіпсіздігі мен банк тұрақтылығына, сондай-ақ мыналарды:
      заң бұзушылық сипаты мен банк, ұйым, ипотекалық ұйым үшін ықтимал зардаптарын;
      заң бұзушылықтың жиілігі мен ұзақтығын;
      жіберілген заң бұзушылықтардың нәтижесінде банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның шығындар мөлшерін;
      жіберілген заң бұзушылық туралы банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның басшы қызметкерлерінің хабарлануын;
      банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктерге, ұйымдарға, ипотекалық ұйымдарға, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шараларының, санкциялардың, мәжбүрлеу шараларының болуын;
      нәтижесінде банк заң бұзушылық жіберген және (немесе) нәтижесінде банкке зиян келтірілген банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың тұрақсыз қаржылық жағдайын;
      банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның жалпы қаржылық жай-күйін есепке ала отырып, олардың депозиторларына, клиенттері мен корреспонденттеріне қауіп төндіретін заңсыз іс-қимылдарын немесе әрекетсіздігін анықтауды негізге ала отырып қабылдайды.
      Банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның жалпы қаржылық жай-күйі есеп беру деректері (қаржылық, реттеуіш, статистикалық), тексерулердің, аудиторлық есептердің материалдары, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындау, сондай-ақ банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда қаржылық қолдауды алу мақсатында банк, ұйым, ипотекалық ұйым басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет ету негізінде айқындалады.

      2. Бір шектеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда басқа да шектеулі ықпал ету шараларын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қабылданған шаралардың қолданысын уақытша тоқтатпайды әрі тоқтатпайды.

      3. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына есеп жүргізеді.

  2-тарау. Міндеттеме хат

      4. Уәкілетті орган бар кемшіліктерді мойындау дерегі мен банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар басшылығының жоспарланған іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, қатаң белгіленген мерзімде оларды жою жөніндегі кепілінен тұруы тиіс кепілдеме хатты банктің ірі қатысушысынан, банктік холдингтен және олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банктен, ұйымнан, ипотекалық ұйымнан, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардан талап ете алады.

      5. Уәкілетті органның кепілдеме хатты беру туралы талабы банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың қызметінде оларды жою өздеріне сәйкес міндеттемелерді алушы тұлғалардың тарапынан шаралар қолданумен объективті түрде мүмкін болатын кемшіліктер байқалған жағдайларда қолданылады.

      6. Міндетті хатты беру мынадай:
      өзіне сәйкес міндеттеме қабылдаған тұлға оны орындауға ниетті және орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті деп болжауға негіз бар;
      міндеттемеде уәкілетті орган жөнсіздіктерді жою үшін жеткілікті деп танитын нақты шаралар құрамы және оларды жүзеге асыру мерзімдері бар;
      уәкілетті орган тұлға қабылдаған міндеттеменің орындалуын тексере алатын жағдайлардың біреуі болған кезде жеткілікті ықпал ету шарасы бола алады.

  3-тарау. Жазбаша келісім

      7. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді дереу жоюдың қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезекті шараларды орындау туралы банктің ірі қатысушысымен, банктік холдингпен және олардың аффилиирленген тұлғаларымен, банкпен, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдармен жазбаша келісім жасай алады.
      Жазбаша келісім басқару органының және (немесе) банктің (заңды тұлға, банктік холдинг болып табылатын банктің ірі қатысушысының және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) атқарушы органының бірінші басшысымен немесе оның орнын алмастыратын тұлғамен, жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысымен жасалады.

      8. Жазбаша келісім банк қызметінде күрделі қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалады, яғни егер оларды жөндеу бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қабылданбаса және (немесе) Заңның  45-бабында  көзделген банктің қаржылық жағдайын жолға қою жөніндегі уәкілетті органның ұсынымдары орындалмаса, жағдай тез нашарлауы мүмкін.

      9. Жазбаша келісімде басқару органы және (немесе) банктің (заңды тұлға, банктік холдинг болып табылатын банктің ірі қатысушысының және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) атқарушы органы кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту жөнінде алдын ала жасау қажет іс-қимылдар мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      10. Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

      11. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар жазбаша келісімнің талаптарын орындамаған жағдайда және (немесе) егер келісімде көрсетілген шаралар күтілген нәтижелерге алып бармаса, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес санкциялар мен мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

  4-тарау. Жазбаша ескерту

      12. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтаған жағдайда немесе егер бар кемшіліктер уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмайтын болса, уәкілетті орган Заңның  47-бабында  көзделген санкцияларды немесе Заңның  47-1-бабында  көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту жасай алады.

      13. Жазбаша келісім банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) бірінші басшысына немесе оның орнын алмастыратын тұлғаға жіберіледі.

      14. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға міндетті тәртіппен бес күнтізбелік күн ішінде атқарушы органның және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушысының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың басқару органының барлық мүшелерін хабардар етеді.

  5-тарау. Жазбаша нұсқау

      15. Уәкілетті орган банк ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың атына белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған орындау міндетті болатын түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша нұсқау жасай алады.

      16. Жазбаша нұсқау банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты міндеттеме хатты және ұйымға, ипотекалық ұйымға қатысты міндеттеме хатты қолдану олардың қызметін тиісінше түзете алмайтындығын немесе түзетуді қамтамасыз ете алмайтындығын ескере отырып, бұл жіберілген заң бұзушылық сипатынан шыққан жағдайда, банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты қолданылады.

      17. Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқауына шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.

      18. Түзету шаралары жазбаша нұсқауда көрсетіледі және Заңның 45-бабында көзделген орындалуы міндетті шараларды, сондай-ақ мынадай:
      кредиторлар мен салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, банктің, банктік холдингтің ірі қатысушысына және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қойылатын басқа талаптарды орындау жөніндегі шараларды білдіреді.

      19. Жазбаша нұсқау банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) бірінші басшысына немесе оның орнын алмастыратын тұлғаға жіберіледі.

      20. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға бес күнтізбелік күн ішінде атқарушы органның және банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның басқару органының, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың барлық мүшелерін хабардар етеді.

  6-тарау. Шектеулі ықпал ету шараларын
қолдану жөніндегі негізгі талаптар

      21. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар оларға қатысты ықпал ету шараларын қолдану туралы уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде, қажет болған жағдайда, басқа да құжаттарды қоса отырып, бар кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін уәкілетті органға ұсынады.
      Уәкілетті орган жоспар-кестені қарайды және ол жөніндегі өз қорытындысын он күнтізбелік күн ішінде жібереді. Жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау қажеттілігі туралы нұсқау жібере алады.

      22. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және оның аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар уәкілетті органды ықпал етудің шектеулі шараларының орындалуы туралы тиісті құжатта көрсетілген мерзімде хабардар етеді.
      Егер белгіленген мерзімде тәртіп бұзуды жоюды орындау мерзімі бір айдан асқан жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және оның аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар ай сайын уәкілетті органды тәртіп бұзудың кезең-кезеңімен орындалуы туралы хабардар етеді.

      23. Банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы уәкілетті органның шешімінде көзделген шарттар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басы уәкілетті органның келіп түскен осы шешімін тіркеген күн болып есептеледі.

  7-тарау. Банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке
және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға
қолданылатын мәжбүр ету шаралары

      24. Уәкілетті орган Заңның  47-1-бабында  көзделген жағдайларда банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.

      25. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар оларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде, қажет болған жағдайда, басқа да құжаттарды қоса отырып, шешімді орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін уәкілетті органға ұсынады.

      26. Уәкілетті орган жоспар-кестені қарайды және ол жөніндегі өз қорытындысын он күнтізбелік күн ішінде банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға жібереді. Жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібере алады.

      27. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар осы құжатта көрсетілген мерзімде уәкілетті орган шешімінің орындалуы жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.
      Егер белгіленген орындалу мерзімі бір айдан асқан жағдайда, банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңімен орындау туралы хабарлайды.

      28. Банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың уәкілетті органның шешімінде көзделген шарттар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басы уәкілетті органның келіп түскен осы шешімін тіркеген күн болып есептеледі.

  8-тарау. Қорытынды ережелер

      29. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.