Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген,»"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1004-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауында "қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін "және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Екінші деңгейдегі банктердің ("Standard & Poor's» немесе»Fitch»рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша)»"А-"-дан төмен емес немесе ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша)»"А3"-тен төмен емес шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындығы белгіленсін.
Екінші деңгейдегі банктер облигацияларымен мәмілелерді осы тармақта айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын шетел эмитенттерінің рейтингі төмендеген кезде екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкес келтіреді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.