Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4139

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  17-бабының 5-тармағын,   18-бабының 1-тармағын,  17-1-бабын , "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  36,  36-1 52-баптарын , "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  26-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының мынадай резиденті емес - заңды тұлғалар осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингтен (немесе оған сай келетін рейтингтен) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісіне ие болуға тиіс екендігі белгіленсін:
      банктік холдинг немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары немесе акционерлері;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болатын заңды тұлғалар;
      зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері.

      2. Осы қаулының 1-тармағының талаптары мынадай барлық шарттарға сәйкес келетін жағдайларға қолданылмайды:
      Агенттік пен басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасындағы ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
      басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "ВВ-"-ден төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісінің және олардың орналасқан елдің "ВВ-"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингісінің немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген дәл осындай деңгейдегі рейтингтерінің болуы.

      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаларға рейтингтер беретін рейтинг агенттіктерінің мынадай тізбесі белгіленсін:
      1) Moody's Investors Service;
      2) Standard & Poors;
      3) Fitch;
      4) Capital Intelligence;
      5) Dominion Bond Rating Service (DBRS);
      6) Japan Credit Rating Agency (JCR);
      7) Rating & Investment Information (R&I).
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 159  қаулысымен .

      4. Агенттік Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2417 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленушi Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалардың рейтингiне қойылатын талаптарды және осы рейтингтi беретiн Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3618 тіркелген).

      6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      7. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      8. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға