"2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 21 наурыздағы N 63 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4132

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссиясының шешіміне (2006 жылғы 20 наурыздағы N 2 хаттама) сәйкес және құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1.»"2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46  бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4110 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 7 наурызда N 40»"Юридическая газетада" жарияланған) 1-тармағына мынадай толықтыру енгізілсін:
      "жылқышы құстарды" деген сөздерден кейін»", құрды, саңырау құрды" деген сөздер қосып жазылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
      2. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға