Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3664-нөмірмен тіркелген, "Юридическая газетінің" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 235-236 нөмірлерінде және "Заң" газетінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 171-172 нөмірлерінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2810 нөмірмен тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесінде:
239-тармақтағы "Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бір мезгілде ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орыннан бастап ең жақын тарифтік станцияға дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;
240-тармақтағы "Осымен бір мезгілде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орнынан бастап жету орнына дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 240-1-тармақпен толықтырылсын:
"240-1. Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) қатаң сақтауы тиіс.".