Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру тәртiбiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2002 жылғы 11 қазанда N 2003 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған 2003 жыл, N 8, 804-бап), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 344а бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулармен 2004 жылғы 13 тамыздағы N 3003 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру Ережелерiнде:
1) 4-тармақта:
"2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 493" деген сөздер "2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 554" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 2628" деген сөздер "2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 3997" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 48-тармақтың екiншi сөйлемi ", халықаралық шарт ережелерiн орындаған жағдайда (жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды аяқтау бойынша - резидент еместiң Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындаудан табыс тапқан жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;";
3) 80-тармақта бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Резидент еместiң өтiнiшiн қарайтын салық органы Салық кодексiнiң
38-бабы
1-тармағында белгiленген, қуыну мерзiмi өткен кезең үшiн кiрiс төлейтiн салық агентiне, өтiнiш берген резидент еместiң кiрiсiнен төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстау бойынша олардың салық мiндеттемелерiн орындау мәнiне тақырыптық салық тексеруiн жүргiзедi. Аталған тексерудi жүргiзу барысында салық органы мынадай мәселелердi анықтау мәнiне құжаттарды тексередi:";
4) 81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Осы Ереженiң 80-тармағына сәйкес тақырыптық салық тексеруiн жүргiзу барысында алған ақпарат, резидент еместердiң өтiнiштерiн қарағанда талап етiлетiн, салық органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының берген мәлiметтерiмен салыстырып тексерiлуi тиiс (мысалы, резидент еместiң қызметкерлерiнің келуi жөнiнде немесе жасасқан келiсiм-шарт немесе бiр немесе байламалы жобалар шеңберiндегi келiсiм-шарттар бойынша оның Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау үшiн басқа персоналды жалдағаны жөнiндегi мәлiметтер мен басқа да мәлiметтер.";
5) 89-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының резиденттiлiгiн растайтын, N 3 нысан бойынша құжатты осы Ереженiң 32-тармағында айқындалған уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.";
6) мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:
"89-1. Қазақстан Республикасының резиденттiлiгiн растайтын, N 3 нысан бойынша құжатты алу үшiн резидент, Бұйрықпен бекiтiлген, 102.02 нысан бойынша салық резиденттiлiгiн растайтын құжатты алуға уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiш бередi.
Бұл ретте төменде көрсетiлген салық төлеушiлер үшiн 102.02 нысан бойынша өтiнiшпен тапсыру үшiн қажеттi құжаттардың мына тiзбесi көзделген:
1) тиiмдi басқару орны Қазақстан Республикасындағы резидент болып табылатын шет елдiк заңды тұлға үшiн, - заңды тұлғаның тиiмдi басқару орны Қазақстан Республикасында бар екендiгiн растайтын құжат (заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi негiзгi басқаруды жүзеге асыру және стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдау орнын көрсетумен құрылтайшылардың (акционерлердiң) жалпы жиналысының хаттамасы);
2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы үшін:
Қазақстан Республикасының жеке бас куәлiгi немесе төлқұжат;
3) резидент болып табылатын шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн:
жеке бас куәлiгi немесе төлқұжат;
Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттарды (визаның мерзiмi, жұмыс уақытын есепке алу бойынша мәлiметтер және өзге де құжаттар).";
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Халықаралық салық салу басқармасы (Өтембаев А.Н.) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3. Осы бұйрық оны ресми жариялаған сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң Төрағасы
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Төрағасы
2 наурыз 2006 жыл
"Қазақстан Республикасы жасасқан
табыс пен капиталға (мүлiкке)
салық төлеуден жалтарудың алдын
алу және қосарланған салық салуды
болдырмау жөнiндегі халықаралық
шарттарды әкiмшілiктендiру
ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 3 қазандағы
N 469 бұйрығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Салық комитетi төрағасының
2006 жылғы 15 ақпандағы
N 67 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы жасасқан
табыс пен капиталға (мүлiкке)
салық төлеуден жалтарудың алдын
алу және қосарланған салық салуды
болдырмау жөнiндегі халықаралық
шарттарды әкiмшiлiктендiру
ережелерiне 6-қосымша
№ 198.03-нысан
__________________________________
___________ бойынша Салық комитеті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне
есептелген, шартты банк салымында орналастырылған
(резидент еместерге төленген), резидент еместерден
(заңды және жеке тұлғалардан) табыс салығы сомасын
есепке алу тізімдемесі
р/с
|
Шарттың тіркеу нөмірі |
Банкі |
Салық агенті |
Резидент емес |
|||
банкінің атауы |
СТН-і |
атауы (аты-
|
СТН-і |
атауы
|
салық тіркеуінің нөмірі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
шартты банк салымы |
|||||||
шартты банк салымының нөмірі |
салымды енгізу күні (табыс салығын) |
Валюта коды |
енгізу күнгі валюта бағамы |
есепті кезең үші
|
шотты ашу сәтінен өспелі жиынтықпен салымының (табыс салығының) сомасы |
орналастыру валютасында банкі сыйақыларының сомасы |
|
орналастыру валютасында |
ұлттық валютада |
||||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шартты банк салымынан төлеу |
||||||
Салықты есептеу күні |
банкі сыйақыларын есептеу күні |
Салықты есептеу күнгі валюта бағамы |
Қазақстан Республикасының |
Резидент еместерге |
||
салық сомасы |
банкі сыйақыларының сомасы |
салық сомасы |
банкі сыйақыларының сомасы |
|||
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөлім бастығы _________ Қолы _________
"Қазақстан Республикасы жасасқан
табыс пен капиталға (мүлiкке)
салық төлеуден жалтарудың алдын
алу және қосарланған салық салуды
болдырмау жөнiндегі халықаралық
шарттарды әкiмшілiктендiру
ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 3 қазандағы
N 469 бұйрығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Салық комитетi төрағасының
2006 жылғы 15 ақпандағы
N 67 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы жасасқан
табыс пен капиталға (мүлiкке)
салық төлеуден жалтарудың алдын
алу және қосарланған салық салуды
болдырмау жөнiндегі халықаралық
шарттарды әкiмшiлiктендiру
ережелерiне 10-қосымша
N 3-нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi
Резиденттiлiк сертификаты
Қазақстан Республикасының құзырлы органы ____________________
_______________________________________________ 200__________ жылғы
"___" _________ бастап ____________________ салық төлеушiнiң тiркеу
нөмiрiн (СТН) берумен Қазақстан Республикасының резидентi болып
табылатындығын растайды.
Осы сертификат Қазақстан Республикасы мен ________ арасындағы
табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды
болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы
халықаралық келiсiмнiң ережелерiн қолдану үшiн берiлдi.
Осы сертификат ____________ жылға берiлдi.
Лауазымы _______________________
Аты-жөнi _______________________
М.О. Қолы ___________________________
Беру күнi 200_ жылғы "___"______