------------Бұйрықтан үзінді------------------
Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1).....
2).....
3).....
4) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2006 жылғы 9 наурыздағы N 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4121 болып тіркелген);
2. ......
Министр
----------------------------------------------
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 52 , 2000 жылғы 11 наурыздағы N 28 , 2000 жылғы 26 сәуір N 40 , 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 265 бұйрықтармен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 667 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта:
бірінші абзацта "Тіркеу қызметі комитетінің" деген сөздерден кейін ", Діни істер комитетінің" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "қызметiне" деген сөзден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацта "дiни басқармаларды (орталықтарды), республиканың екi немесе одан көп облыстарының аумақтарында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi, сонымен бiрге, олармен құрылатын дiни оқу мекемелерiн, монастырларды және өзге бiрлестiктердi;" деген сөздер алып тасталсын.
мынадай мазмұндағы 2-нші бөлікпен толықтырылсын:
"Діни істер комитеті:
Әділет министрлігінің аумақтық органдарының діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты;
діни бірлестіктердің және Әділет министрлігінің аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелерін реттейтін заңнамалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
республиканың екі немесе одан көп облыстарының аумақтарында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), діни бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни мекемелерді, монастырларды және басқа да бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) жүзеге асырады.".