Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 67 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4112. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 109 Бұйрығымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009.04.22 N 109 Бұйрығымен.

      --------------- Бұйрықтан үзінді -----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 67 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          В. Школьник

      "Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды сайлаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 591 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеудің ережесі бекітілсін.
      2. Бекітілген Ережелерге сәйкес "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамдарының (даму институттарының) директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды сайлау жөніндегі рәсім жүргізілсін.
      3. Индустриялық-инновациялық дамыту департаменті, Сауда саясаты және ДСҰ-ға кіру департаменті мен Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетіне 2006 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде осы бұйрықтың 2-тармағын орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Индустриялық-инновациялық дамыту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
      5. Мыналар:
      1) "Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорлардың лауазымына әлеуетті үміткерлерді конкурстық іріктеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 228 бұйрығының;
      2) "Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорлардың лауазымына әлеуетті үміткерлерді конкурстық іріктеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 379 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрінің
2006 жылғы 23 ақпандағы    
N 67 бұйрығымен        
бекітілген          

Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының)
директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды
конкурстық іріктеудің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік даму институттарын корпорациялық басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мен тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

      2. Осы Ереже акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеудің ерекшеліктерін айқындайды.

2. Ережелерде пайдаланылатын ұйымдар

      3. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) даму институттары - "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамдары;
      2) уәкілетті орган - даму институты акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3. Даму институтының тәуелсіз директоры лауазымына
қойылатын біліктілік талаптары

      4. Даму институты тәуелсіз директорын конкурстық іріктеуге:
      - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келетін;
      - даму институтының негізгі қызметіне сәйкес келетін салада жоғары білімі бар;
      - даму институтының негізгі қызметіне сәйкес келетін салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
      - сотталмаған;
      - Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Заңның 54-бабының 6-тармағына сәйкес даму институтының жарғысымен белгіленетін директорлар кеңесінің құрамына сайланатын тұлғаларға белгіленген өзге де талаптарға жауап береді.

4. Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу

      5. Конкурс кандидатты даму институтының тәуелсіз директорының өз функцияларын орындауы үшін маңызы бар тиісті тәжірибесінің және біліктілігінің бар болуы негізінде іріктеуді білдіретін біліктіліктік іріктеу әдісімен жүргізіледі.

      6. Конкурстық іріктеуді уәкілетті орган қалыптастыратын және бекітетін конкурстық комиссия жүргізеді.

      7. Конкурстық комиссия алқалық орган болып табылады және төрағадан, хатшы мен комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны конкурстық комиссия шешім қабылдағанда дауыс беру құқығына ие емес хатшыны қоспағанда тоғыздан он бір адамға дейін тақ саннан құралуы тиіс.

      8. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары, даму институтының басшысы немесе оның орынбасарлары міндетті түрде енгізіледі.

      9. Конкурстық комиссияның төрағасы уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес, оның қызметін басқаратын, комиссияның мәжілістерінде төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және оның іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
      Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын оны ауыстыратын тұлға орындайды.

      10. Конкурстық комиссияның мәжілісі конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда жүргізіледі. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілген болса қабылданған болып есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      11. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде берілген және конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасына қосымша берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар. Өндірістік немесе басқа себеп бойынша конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда мәжіліс хаттамасында оның болмауының себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасалуы тиіс.

      12. Конкурстық өтінімдер берілген конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның мәжілісі тағайындаған күн мен уақытта егер де конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті кворумының болмауы себебінен өткізілмеген болса конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа берілген конкурстық өтінімдері бар конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және жарияланған мерзімнен 2 жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашудың өткізу күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте қайта берілген өтінімдер қабылданбайды.

      13. Егер хатшы хабарлаған уақытта конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда 24 сағат аяқталған соң уәкілетті орган тиісті шешіммен болмаған конкурстық комиссия мүшелерін ауыстыруға қатысты, мұндай ауыстырудың себептерін көрсете отырып, конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.

      14. Конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасына конкурстық комиссияның барлық қатысушы мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен хатшысы қол қояды.

5. Конкурстық іріктеуді жүргізу

      15. Конкурстық іріктеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) кандидаттарға конкурстық іріктеуге қатысуға шақыру жіберу немесе уәкілетті орган осы Ереженің 19-тармағымен сәйкес келетін мерзімдік басылымдарға алдағы конкурстық іріктеу туралы ақпараттар жариялайды;
      2) кандидаттардың конкурстық іріктеуге өз қатысуларын растайтын біліктілік бағалары;
      3) кандидаттармен сұхбаттар жүргізу және даму институтының тәуелсіз директорын, сондай-ақ резервке кандидаттарды сайлау.

      16. Конкурстық комиссияның хатшысы қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар және/немесе тәуелсіз директорлардың отандық және шетелдік қауымдастықтары ұсынған кандидаттарға даму институтының тәуелсіз директорына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға шақыру жібереді.

      17. Шақыру жіберілетін кандидаттардың тізімін конкурстық комиссия жасайды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.

      18. Осы Ереженің 16-тармағына сәйкес ұсынылған кандидаттар болмаған жағдайда уәкілетті орган республикалық және шетелдік мерзімдік басылымдарға алдағы конкурстық іріктеу туралы ақпарат жариялайды.

      19. Шақыру немесе мерзімдік басылымдағы ақпарат конкурстық іріктеуді жүргізу күні, уақыты және орны, сәйкес қызмет саласындағы сәйкес даму институтының біліктілік талаптары туралы мәліметтен тұруы тиіс.

      20. Кандидаттардың конкурстық іріктеуге қатысуға конкурстық өтінімдер беру мерзімі шақыру жіберген немесе мерзімдік басылымда жарияланған сәттен бастап 30 күннен аспауы тиіс.

      21. Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген кандидаттың конкурстық өтінімі мыналардан тұруы тиіс:
      1) кандидат өз қолымен жазған оның Заңға сәйкес тәуелсіз директор - акционерлік қоғамның директорлары кеңесінің мүшесі мәртебесіне сәйкестігі туралы нотариалды куәландырылған өтінімі;
      2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      4) кандидаттың түйіндемесі;
      5) кандидаттың оған сыйақы беру ставкасы жөніндегі қаржылық ұсынысы.
      Бұл ретте сыйақы беру ставкасы жылына қонақ үйде тұру, тәулік ақы және көлік шығындары сияқты өтелінетін шығыстарды есептемегенде 9,5 млн. теңгеден аспауы тиіс.

      22. Кандидат конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгілеген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте кандидаттың аты-жөні және мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Содан соң конверт сырт конвертке салынып мөрленеді.
      Ішкі және сыртқы конверттер:
      1) шақыруда көрсетілген мекен-жай бойынша уәкілеттік органға бағытталуы;
      2) "Тәуелсіз директорды - акционерлік қоғамның (даму институтының) директорлары кеңесінің мүшесін конкурстық іріктеу" және "_______________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда көрсетілген немесе мерзімдік басылымда жарияланған конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

      23. Конкурстық өтінім мемлекеттік, орыс немесе қажет кезінде ағылшын тілінде жіберіледі.

      24. Конкурстық комиссия шақыруларда көрсетілген немесе мерзімдік басылымда жарияланған орында және уақытта берілген конкурстық өтінімдер берілген конверттердің түпнұсқасын ашады.

      25. Конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімдері бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия төрағасы, оның орынбасары, мүшелері мен конкурстық комиссия хатшысы қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.

6. Конкурстық іріктеу қорытындысын жүргізу

      26. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан сәттен кейін 5 жұмыс күні ішінде кандидаттың осы Ереженің 3-тарауында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді.

      27. Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша сұхбат жүргізуге күнін, уақытын және оны жүргізу орынын көрсете отырып шақыру жіберілетін кандидаттарды іріктейді.

      28. Жүргізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия біліктілік талаптарға сәйкес келетін бір кандидатты іріктейді.

      29. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын шығарған кезде конкурс жеңімпазынан басқа резервтегі біліктілік талаптарына сәйкес келетін екеуге дейін кандидаттарды айқындайды.

      30. Егер конкурстық іріктеуге біліктілік талаптарын қанағаттандыратын екіден кем кандидаттар өтінім берген болса не конкурстық өтінімдер түспеген болса, конкурстық комиссия конкурсты өткізілмеді деп таниды.

      31. Егер конкурстық іріктеу осы Ереженің 30-тармағына сәйкес өткізілмеді деп танылса, уәкілетті орган қайталама конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      32. Конкурстық комиссияның хатшысы өткізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын және конкурстық өтінімдер берген барлық кандидаттарға жіберілетін конкурстық іріктеу хаттамасын ресімдейді.

      33. Егер конкурстың жеңімпазы деп танылған кандидат белгіленген мерзімде келісім-шартқа қол қоймаса, уәкілетті орган резервтен басқа кандидатты сайлауға ұсынуға құқылы.

      34. Егер кандидат өз өтінімін қандай да бір себеппен қайтарып алса немесе сайланған тәуелсіз директор даму институты директорлары кеңесіндегі өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса уәкілетті орган жаңа тәуелсіз директор сайлау үшін резервтен кандидатураны айқындайды.

      35. Кандидаттардың резерві оны конкурстық комиссия бекіткен сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

      36. Тиісті даму институты тәуелсіз директор сайлаудың нәтижелері бойынша 5 жұмыс күні ішінде онымен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасады. Осы ретте әлеуетті кандидатқа ұсынылған сыйақы ол конкурстық өтінімде көрсеткен сыйақы ставкасынан аса алмайды.

7. Резервті қалыптастыру

      37. Резервті қалыптастыру кадрлар құрамын сапалы қалыптастыру мен даму институтының тәуелсіз директорының лауазымын тиісінше ауыстыру қажеттілігі мақсатында жүзеге асырылады.

      38. Резервті конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бірақ резервке алу үшін ол ұсынған конкурсқа қатысушылардың ішінен конкурстық комиссия қалыптастырады және бекітеді.

      39. Резервке алу үшін даму институттарының тәуелсіз директорларын іріктеу кандидаттардың осы ереженің 3 тарауында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін зерделеу мен бағалау негізінде жүргізіледі.

      40. Кандидатты резервке алу оның келісімімен жүргізіледі.

      41. Конкурсқа қатысушылар резервке алынған күнінен бастап бір жыл ішінде уәкілетті орган бұйрығының негізінде қосымша конкурстан өтпей-ақ тиісінше даму институттарының тәуелсіз директоры - директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлануы мүмкін.

      42. Конкурстық комиссияның хатшысы кандидаттарды резервке алу туралы конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, мүшелері мен хатшылары қол қоятын ұсыным ресімдейді.

      43. Ұсыным еркін нысанда жазылады.

      44. Конкурстық комиссия резервке алынған кандидаттардың тізімін осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізеді.

                                       Акционерлік қоғамдардың
                                    (даму институттарының) тәуелсіз
                                   директорлары-директорлар кеңесіне
                                    мүшелерін конкурстық іріктеудің
                                          ережесіне 1-қосымша

            Тәуелсіз директор - акционерлік қоғамның
                директорлар кеңесінің мүшесімен
                        Үлгілік шарты

                      "_________________________"
                       (даму институтының атауы)

_________________ қаласы           200 _____________________________

"_________________________________"» акционерлік қоғам (бұдан әрі -
Қоғам),________________________________________________тұлға (жалпы
жиналыстың шешімі) негізінде қолданыстағы бір Тарап (уәкілетті
адамның аты, тегі, әкесінің аты, лауазымы) және бір тараптан азамат
(ша) ________________________________________ (аты, тегі, әкесінің
аты) (бұдан әрі - Орындаушы) екінші тараптан тәуелсіз директор -
қоғамның директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Директорлар кеңесі)
бұдан әрі - Тараптар деп аталатын осы төмендегі туралы шартты
(бұдан әрі - Шарт) жасасты:

Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарт Орындаушы міндеттейтін осы Шартпен көзделген қызметтер көрсетудің Қоғаммен көрсетілетін міндетке сәйкес азаматтық-құқықтық шарт болып табылады, ал Қоғам осы Шарттың орындалуына байланысты сыйақы беру мен өтемақы беру шығыстарын Орындаушыға төлеуді міндеттейді.
      1.2. Тараптар өздеріне алған міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Шартты басшылыққа алады.

2. Орындаушының құқығы

      2.1. Орындаушы:
      2.1.1. Органдар мен Қоғамның қызметтік тұлғаларынан "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңымен регламенттелетін жұмыстарды жүргізудің тәртібін мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, оның функцияларын орындау үшін қажетті кез-келген ақпаратты алуға;
      2.1.2. Шартпен көзделген тапсырмаларды орындау үшін қызметтік жайларды, байланыс құралдарын, Қоғам беретін өзге де мүліктерді пайдалануға;
      2.1.3. Директорлар кеңесінің барлық мәжілістеріне қатысуға және директорлар кеңесі туралы жарғыда және ережеде көзделген тәртіптегі мәселелерді қарау жөніндегі өз ойын білдіруге;
      2.1.4. Директорлар кеңесі Төрағасының жазбаша келісімі қажет жағдайда мамандарды, сарапшыларды, консультанттарды тартуға;
      2.1.5. Қоғамның және осы Шарттағы басқа ішкі құжаттармен директорлар кеңесі туралы жарғыда, ережеде көзделген тәртіпте Қоғамнан сыйақыны, сондай-ақ директорлар кеңесі мүшелерінің функцияларын орындауға байланысты шығыс өтемақыларын алуға;
      2.1.6.»Акционерлік қоғамдар туралы»Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің өзге құқықтарын, директорлар кеңесі туралы жарғыларын, ережелерін және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын пайдалануға құқылы.

3. Орындаушының міндеті

      3.1. Өз құқықтары мен міндеттерін орындауды жүзеге асыру кезінде Орындаушы Қоғам мүддесін және оның акционерлерімен адал және жете ұғына отырып әрекет етуі тиіс.
      3.2. Орындаушы:
      3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, Қоғамның жарғысын және ішкі құжаттарын ескере отырып өз міндеттерін орындауы тиіс;
      3.2.2. Мәжілістердегі мәселелер немесе сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді қарау бойынша өз жазбаша пікірін директорлар кеңесіне берген жағдайда директорлар кеңесі туралы ережеде көзделген директорлар кеңесі мәжілісіне жеке қатысуға;
      3.2.3. Өзі сайланған директорлар кеңесінің комитеті жұмысына жеке қатысуға;
      3.2.4. Директорлар кеңесінің және оның төрағасының олардың құзыреті шеңберінде берілген тапсырмаларын орындауға;
      3.2.5. Орындаушының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамдағы ақпараттар мен іс жағдайларын сараптауға; Директорлар кеңесі айқындайтын құжат, нысан түрінде осындай сараптаудың нәтижесін ұсынуға;
      3.2.6. Директорлар кеңесі мәжілісіне тиісті түрде, атап айтқанда: мәжіліске байланысты материалдармен алдын-ала танысу, қажетті ақпараттарды жинау мен сараптауды жүзеге асыру, өз қорытындыларын, тұжырымдарын, ұсынымдарын дайындауға дайындалуға;
      3.2.7. Өкілеттік мерзімі біткеннен кейін, оның ішінде Қоғам айқындаған өкілеттіктерді мерзімінен бұрын доғару, уәкілетті тұлғаны қабылдау-беру актілері бойынша 3 күн ішінде, Қоғам мүліктерінің барлық құжаттары, қызметтік жайлар және олардың, егер олар осылай берілсе, кілттерін беруге;
      3.2.8. Директорлар кеңесі төрағасының талаптары бойынша Қоғамның қызметіне қатысты, жасырын және жекелей басқа кез-келген ақпарат беруге;
      3.2.9. Мүдделі қақтығыстарға қатысты мынадай ережелер мен талаптарды сақтауы:
      3.2.9.1. Директорлар кеңесінің төрағасына кез-келген жеке коммерциялық немесе Қоғамға байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы өзге мүдделер (тікелей немесе жанама) туралы тез арада хабарлауы;
      3.2.9.2. Жеке немесе заңды тұлғалардан Директорлар кеңесіне мүше ретінде Орындаушыдан қабылданған немесе жасалған шешімдер мен іс-әрекеттер үшін сыйақы сияқты көрінетін немесе қаралуы мүмкін қызметтер көрсету немесе қандай да болмасын артықшылықтары бар сыйақылар алмауға;
      3.2.9.3. Орындаушыны хабардар ететін Директорлар кеңесі мүшелері олардың міндеттерін орындауға байланысты құпиялы, инсайдерлік және өзге де ақпаратты, осындай ақпаратқа қол жеткізбейтін тұлғаларға таратпауға, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелері міндетін орындау кезеңі сияқты өз мүдделеріндегі немесе үшінші бір мүдделерді, сол сияқты осы Шарттың қолдану мерзімі біткеннен кейін 5 жыл ішінде пайдалануға;
      3.2.9.4. Қоғамдық үй-жайларындағы жұмыстар кезінде Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген ережелер мен рәсімдерді және қауіпсіздік режиміне байланысты және Қоғамның құпия ақпаратымен жұмыстарды сақтауы міндет.

4. Қоғамның құқығы

      4.1. Қоғам:
      4.1.1. Орындаушыдан Қоғамның басқа ішкі құжаттарымен және осы Шартпен, директорлар кеңесі туралы жарғысын, ережесін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындауға жататындығын талап етуге;
      4.1.2. Кез-келген уақытта мерзімінен бұрын Директорлар кеңесінің барлық құрамының немесе акционерлік қоғамның (даму институттарының) тәуелсіз директоры - директорлар кеңесі мүшесінің өкілдігін мерзімінен бұрын доғару туралы акционерлер шешімін жалпы жиналыста қабылдау жағдайында осы Шартты бұзуға;
      4.1.3. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарын, Қоғамның жарғысын, ішкі құжаттарын және осы шартты пайдалануға құқылы.

5. Қоғамның міндеті

      5.1. Қоғам:
      5.1.1. орындаушыға осы шартта көзделген сыйақыны уақтылы және толық көлемде төлеуге, олардың Директорлар кеңесі мүшелеріне байланысты шығыстарын өтеуге;
      5.1.2. ақпарат орындаушысына олардың міндеттерін орындалуы үшін қажетті материалдар мен құжаттарды уақтылы беруге;
      5.1.3. орындаушыға оның міндетін орындау үшін техникалық көмек беруге міндетті.

6. Орындаушыға төленетін сыйақы және өтемақы

      6.1. Директорлар кеңесі мүшелерінің міндетін орындау үшін Орындаушы _________ теңге мөлшерде кесімді сыйақы алады.
      6.2. Осы баптың 6.1-тармағында көзделген кесімді сыйақы мерзімі өткеннен соң тоқсанына бір рет айдың 15 күнінен кешіктірмей, есеп беру тоқсанынан кейін төленеді.
      6.3. Қоғам Орындаушыға оған жүктелген міндеттерді орындауға байланысты барлық нақты шығыстарды, егер мұндай шығыстар Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарымен көзделген және тиісті құжаттармен расталған (жолақы құжаттары, есептері және т.б) жағдайда өтейді.
      Сыйақыны төлеу қолма-қол нысанда Орындаушымен көрсетілген есеп айырысу немесе өзге шотты аудару жолымен жүргізіледі.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Қоғам алдында Қоғамға келтірілген залалы үшін Орындаушының айыпты әрекеті (әрекетсіздігі), егер ол жауапкершілік негізі мен мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерімен белгіленбеген болса, Орындаушы жауапкершілік алады.
      7.2. Орындаушы, егер ол Қоғамға келтірілген залалдың шешіміне қарсы дауыс берсе, немесе мұндай дауысқа қатыспаған болса жауапкершілік алмайды.
      7.3. Орындаушы жауапкершілігінің негіздері мен мөлшерін айқындау кезінде іскер айналымның кәдімгі шарттарын және іс үшін маңызы бар өзге де жағдайларды назарға ала отырып қабылдауы мүмкін.
      7.4. Орындаушы оның бастамасы (кінәсі) бойынша өкілеттігін мерзімнен бұрын доғарған жағдайда, Қоғам тұрақсыз Орындаушыға ________ теңге мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуі мүмкін.
      7.5. Орындаушы өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған жағдайда осы Шарттың 8.4-тармағында көзделген жағдайларды алып тастағанда, Орындаушы Қоғамға ___________ теңге мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуі мүмкін.

8. Шарттың қолданылу мерзімі және оның күшін
тоқтату шарттары

      8.1. Шарт Тараптар оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жаңа тәуелсіз директорды - директорлар кеңесінің мүшесін сайлағанға дейін қолданыста болады.
      8.2. Қоғамның кез келген уақытта осы Шарттың 8.3.-тармағымен көзделген негіздер бойынша немесе акционерлердің жалпы жиналысының директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзіміне дейін тоқтату туралы шешіміне сәйкес негізсіз Орындаушымен шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.
      8.3. Шартты бұзудың негіздері:
      8.3.1. осы Шарттың 3-тармағымен көзделген міндеттерді орындамау;
      8.3.2. Қоғамға елеулі зиян келтіру;
      8.3.3. Директорлар кеңесінің 2-ден көп отырысына дәлелді себеп бойынша қатыспау;
      8.3.4. денсаулық жағдайы бойынша;
      8.3.5. өз еркі бойынша.
      Осы Шарттың күшін тоқтату күні акционерлердің жалпы жиналысы жаңа тәуелсіз директорды - директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы шешім қабылдаған күні болып табылады.

Қорытынды ереже

      9.1. Осы Шарт мемлекеттік, орыс және қажет кезінде ағылшын тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан екі данада болып жасалған.
      9.2. Директорлар кеңесінің мүшесі Орындаушыны қайта сайлаған жағдайда Қоғам онымен жаңа шарт жасасады.
      Осы Шарт реттемеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.
      10. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Қоғам:                          Орындаушы:

Атауы:___________________________   Аты, тегі, әкесінің аты
                                    ________________________________

Орналасқан жері:_________________   Паспорт: сериясы: ______N_______
                                    ________________________________

_________________________________   __________________________берген

Банктік деректемелер:____________    Мекен-жайы:____________________

_________________________________   ________________________________
                                                   (қолы)
(өкілетті тұлғаның қолы, лауазымы,
аты, тегі, әкесінің аты)

                                      Акционерлік қоғамдардың
                                 (даму институттарының) тәуелсіз
                               директорлары - директорлар кеңесіне
                                  мүшелерін конкурстық іріктеудің
                                         ережесіне 2-қосымша

          Резервке алынған акционерлік қоғамдардың
  (даму институттарының) тәуелсіз директоры - директорлар
       кеңесіне мүше лауазымына кандидаттардың тізімі

____________________________________________________________________
                     (лауазымның атауы)

р/н
N

Даму инс-
титуты,
лауазым
атауы

Резервке
алынған
кандидат-
тың аты,
тегі,
әкесінің аты

Туған күні,
жылы, білімі,
білімі
бойынша
мамандығы

Жұмыс орны
(ұйымы,
атқарып
отырған
лауазымы,
лауазымда
қай уақыттан
бері)

Резервке
алынған күні

1

2

3

4

5

6







  Конкурстық комиссияның төрағасы
(төрағаның орынбасары): ___________________________ (қолы)

Конкурстық комиссияның мүшесі: ____________________ (қолы)

Конкурстық комиссияның хатшысы: ___________________ (қолы)

200__ жылғы»"___" _____________