2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4110. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2  қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салу ережесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссиясының шешіміне (24.02.2006 ж. N 1 хаттама) сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Аң аулау ережесінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркек үйректер мен жылқышы құстарды, құрды, саңырау құрды 2006 жылы көктемде аулауға шектеу қойылсын.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 21 наурыздағы N 63   бұйрығымен
      2. Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларының бастықтары:
      1) бекітіп берілген аң аулау алқаптарында қорықшылар қызметінің күшімен жануарлар дүниесін қорғауды күшейту туралы үш күндік мерзім ішінде барлық аңшылық ісін пайдаланушыларға өкім берсін;
      2) жануарлар дүниесін браконьерліктен қорғауға инспекторлар құрамын жұмылдыру жөнінде барлық шараларды қолдансын;
      3) 2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауға тыйым салынғаны жайында БАҚ арқылы халықты хабардар етуді ұйымдастырып, осындай шешім қабылдаудың себептерін түсіндірсін;
      4) осы бұйрықты орындау жөнінде қолданылған шаралар жайында Комитетке 2006 жылғы 25 сәуірге ақпарат берсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Қ.Ш.Мұсабаевқа жүктелсін.
      4. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға