Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.07.20 № 209 Бұйрығымен.
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 861 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 және 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 30 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiспен) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 17-жолда:
"Сарапшылық мамандықтар" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психологиялық зерттеу" және "сот-сараптамалық психологиялық-психиатриялық зерттеу" деген сөздер алып тасталсын;
"Мамандықтар шифрi" деген 4-бағандағы "17.2" және "17.3" деген сандар алып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П.Нұғмановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің м.а